М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
милaна1
милaна1
17.03.2022 23:18 •  Қазақ тiлi

Орфографиялық сөздіктен бөлек жазылатын 10-15 сөз теріп алып,сөйлем құрастырындар.

👇
Ответ:
kurbanov2017p05b7v
kurbanov2017p05b7v
17.03.2022

Орфографиялық сөздік.

БӨЛЕК ЖАЗЫЛАТЫН СӨЗДЕР

§ 20. Күрделі атаулардың (мемлекет, республика, облыс, мекеме, ұйым аттарының) әрбір сөзі бөлек жазылады. Мысалы: Қазақстан Республикасы, Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы.

§ 21. Екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты, құбылысты, ұғымды атап, алдыңғысы соңғысының тегін (неден жасалғанын), неге, кімге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзге заттардан ажырататын белгілерін білдірсе, олар бөлек жазылады, мұндай күрделі тіркестердің алдыңғы сөзі анықтаушы, соңғысы анықталушы болып келеді.

Мысалы: ағаш күрек, сұрпы ет, ұл бала, қыз бала, мысық мұрт (жігіт), ала бұлт.

Ескерту. Анықтаушы-анықталушы қатынастан ажырап, бір заттыңатауы болып кеткен сөздер бірге жазылады: беторамал, қолорамал, асқасық,шайқасық, кірсабын, иіссабын, ішкиім, ішкөйлек, кіреберіс, шыға- беріс, қолайна,қолара т.б.

§ 22. Күрделі сан есімдердің, күрделі сын есімдердің әрбір сөзі бөлекжазылады.

Мысалы: он бір, он сегіз, жиырма бір, жиырма сегіз, жүз он жеті, екі жүз жетпіс төрт, бір мың тоғыз жүз елу үш, төрт жарым, отыз екі жарым; қара ала, көк ала, қара көк, ақ сұр, құла қасқа, құла жирен, торы төбел.

§ 23. Күрделі етістіктердің әрбір сөзі бөлек жазылады:

Мысалы: жаза бер, жазып отыра бер, жүгіре жөнелді, жүгіріп ала жөнелді, бара алмады, бара алмай қалып еді, жығылып қала жаздап барып қалды.

§ 24. Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі бөлек жазылады.

Мысалы: қызмет ету, жұмыс қылу,жәрдем ету, шап ету, лап қою, мән беру, қол шапалақтау, ду ете түсу, баж ету.

§ 25. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады.

Мысалы: таяқ жеді, бас тартты, бас бұрды, қол жалғады, қол ұшын берді.

Ескерту. а) Бірінші сыңары зат есім, кейде етістік, екіншісі -ты, (-ті,ды,-ді) қосымшалы өткен шақтағы етістік немесе -па (-пе, -ба, -бе) қосымшалы сөз болса, мұндай бейнелі тіркестер қосылып жазылады (олар сөздікте көрсетілді).

Мысалы: алыпқашпа (сөз), жүрекжарды (қуанышты хабар),жолсоқты (болу), қағазбасты (болу), пышақкесті (тыйылу), бау- кеспе (ұры);

ә) о баста идиомалық, фразалық тіркестер болғанымен, терминдік,атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен тұлғалар қосылып жазылады.

Мысалы: ақсақал, атқамінер, көзқарас, ақсүйек, ойтолғақ, ойтүрткі (бұлар емле сөздіктерінде көрсетіледі);

б) әртүрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жеке сөзге айналған есімді тұрақты тіркестердің түбір қалпы да, қосымшалы түрі де бірге жазылады, мысалы: ержүрек, ержүректік, ақниет, ақниеттік, дүниеқоңыз,дүниеқоңыздық, дүниеқоңыздану, ақкөңіл, ақкөңілдік, жанпида, жанпидалық,алақол, алақолдық т.б.

Сөйлем құрастыру.

1. Өткен жексенбіде Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы өтті.

2. Жуырда Мәдениет Министрлігі осы жылы өткізілетін ауқымды мәдени іс – шаралар жоспарын белгілеген болатын.

3. Қазақ халқы қашанда қыз баланы «қонақ» деп қадірлеген.

4. Осы апта бойы аспанды ала бұлт торлап, күн жаңбырдан ашылмай қойды.

5. Біз - жиырма бірінші ғасырдың жастары болашақта бәсекеге барынша қабілетті болып, Қазақстанымыздың гүлденуіне өз септігімізді тигіземіз.

6. Менің ағам мың тоғыз жүз сенсен тоғызыншы жылы Отан алдындағы борышын бұрынғы Фрунзе (қазіргі Бішкек) қаласында өтеген болатын.

7. Менің әпкем шетелдік компанияда қызмет етеді.

8. Концерт басталысымен, әнші сахнаға шыға бергенде көрермендер қол шапалақтап, ықыластарын білдірді.

9. Кішкене інім бөлмеде өзі ойнап отырып баж ете түсті.

10. Отбасылық жағдайларға байланысты Саят бұл ұсыныстан бас тартты.

4,4(41 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
hcjdbghfgyfjfh
hcjdbghfgyfjfh
17.03.2022
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
4,8(35 оценок)
Ответ:
mrdilik
mrdilik
17.03.2022

Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы”[2] атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған).

Объяснение:

Өзіңе керекті жерлерін жазып алсаң болады.

4,4(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ