М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
RedFoxTR
RedFoxTR
09.09.2021 10:07 •  Қазақ тiлi

1)жан сұлулығы мен жүрек жылуы дегенді қалай түсінесіңдер? 2)екеуінің арасында байланыс бар ма ? 3)отбасындағы іліктің ұшқындары туралы ангиме айтыла ма? 4)өзеннен кіші бауырларына қандай сезимдер туралы коп айтасың 5)когамда сен қандай ға коп комек бересің ответьте на эти вопросы

👇
Ответ:
MudriyMudrec
MudriyMudrec
09.09.2021

1. Жан сұлулығы- ол өте ізетті, кішіпейіл, қарапайым, сабырлы, салихалы, шыдамды адамның көрсеткіші. Жүрек жылуы- мейірімді, басқа адамның халін түсінетін әрдайым көмегін өзгеден аямайтын адамның бойындағы қасиет.

2. Бұл аталған екі қасиет бір-бірімен өте тығыз байланысты. Қатігез, тұрпайы, дөрекі адамның жүрегінен жылу таба алмайсың.  Бұндай жүрек жылуы тек жаны сұлу адамда ғана болады.

3. Отбасымызда адамгершілік туралы әрдайым айтылады.  Адамгершілік ұшқындарымен сусындап келеміз.

4. Өзімнен кіші бауырларыма сыйластық, бауырмалдық, сүйіспеншілік, сағыныш туралы көп айтамын.

5. Мен қоғамда өзімнің мүмкіндігіме қарай әркез айналамдағы көмегім қажет адамдарға жәрдесуге тырысамын. Ақшалай болмағанмен де қол көмегімді аямаймын.

4,7(48 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
zlatoslava2p08lf0
zlatoslava2p08lf0
09.09.2021

Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.

"Қазақстан жануарлары"Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, далашақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.
4,4(50 оценок)
Ответ:
nagornaykisa
nagornaykisa
09.09.2021
Табиғат біздің үйіміз. Табиғатты қорғау үшін адамдар резерв жасайды, ағаштар отырғызады, олар қызыл кітапта өсімдіктер мен жануарлардың жойылып кету қаупі бар түрлерін алады.

Балалар сонымен бірге табиғатты қорғауға үлес қоса алады. Біз қоршап жатқан нәрселерге қамқорлық жасауымыз керек: гүлдер жасалмаңыз, қасапшаларды жоймаңыз, көбелектерді ұстаңыз, шөптерді баспаңыз, қоқысқа тастамаңыз. Біз әрбір табиғатпен, сынған салалар бойынша немқұрайды аш жануарларды тапсырмаған жағдайда біз жақсы дос болады.
4,5(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ