М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
IG77
IG77
29.12.2020 22:42 •  Қазақ тiлi

Рассказ про маму на казахском языке 50-60 слов.

👇
Ответ:
Ана деген құдіретті ат. Анаға ешбір күш, ешбір жан тең келмейді. Дүниедегі бәрінен қымбатты бізді аялап ,өсірген,өмірдегі ең жақын адам – асыл ана.« О, дүние,төсіңді аш,мен келемін,алынбаған ақым бар сенде менің» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай,барлық а ң мына дүниеге келетіні анық. Сол сәтте ерекше мейіріммен жаңа туған сәбиін бауырына басып елжірей қарайтын әрине, ол-жан ана. Ана – теңдесі жоқ құдірет, Төлеген Айбергенов жырлағандай:Анаң саған керек болса,анаңа да сен керек,
Кезекпенен ауысатын ғұмыр ғой бұл дөңгелек.Ана керек о, адамдар, ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы
Даналықтың қажеті жоқ,сыйлау үшін ананы.
Иә,« Ана» деген – құдіретті ұғым, құдіретті күші бар сөз. Кім де болса ананың алдында кішірейеді, әулиең де, небір ғаламды аузына қаратқан билеушілер де ұлы ананың алдында бас иген.
Ана — адамзатқа нұрлы өмір мен таусылмас бақыт сыйлайтын абзал жан.
Асыл да қымбат аналардың орыны әрқашан да бөлек. Бүгінгі жасампаз өміріміздің қай буынынан болса да, әйел-ана, әйел-еңбекқор, ана қайраткер, басшылар да көптеп кездестіруге болады.
Ардақты ана,абзал арулар туралы күн сайын қаншама жаңа жырлар, әсем әндер өмірге келуде.Ана туралы толғанбаған ақын-жазушылар жоқ шығар, қайраткер аналар қатарында Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі үлгі тұтқан.
Сонымен қатар, әдебиетте де ана тақырыбына талай қаламгер ой салған. 7-сыныпта өткен Мұқағали Мақатаевтің «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы «Аналар» бейнесін атсам ,ана тақырыбы ғасырдан-ғасырға сарқылмайтын бұлақ.
Кейбір адамдар өз аналарын қарттар үйіне тастап, ана жүрегіне үлкен қайғы әкеледі. Мұндай адамдар ана қадірін, қасиетін білмейтін адамдар. Адамдар қаншама жақсы істер жасап, анасын қаншама құрметтесе де, ана алдында мәңгі қарыздар бола береді.
Өмірде кездесіп жататын осындай келеңсіз жағдайлардан аулақ болыңыз, аналарыңның өлшеусіз еңбегін бағалап, мәңгілік қамқор болып, өтіңдер дегім келеді. Ана – әлемдегі асыл жан.
4,5(45 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Саня111178
Саня111178
29.12.2020
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көп айтылып жүр. Әрине оның пайдасы көп пе зияны көп пе? Менімше, қандай да бір зат мөлшерден тыс қолдансаң зиян, ал қажетті мөлшерде қолдансаң пайдалы. Сол сияқты компьютердің де пайдасы аз емес, ол заманауи ақпараттар көзі, онсыз біз өмірді елестете алмаймыз. Ол арқылы сабақ үйренеміз, тіл үйренуге болады, үйде отырып төлемдер төлеуге, жол жүретін болсаң билеттер сатып алуға мүмкіндігің бар. Интернет магазиндерден қалаған затыңды сатып аласың. Алыстағы достарыңмен хабарласасың. 
Ал, зияны оның алдында көп отырсаң, денсаулығыңа, көзіңе зиян. Қажет емес ойындарға үйір болсаң, онда компьютрге бағынышты болып, дүниені ұмытасың. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін сақтап, тек өз пайдаңа ғана қолдана біл, ол кезде ешқандай зардап шекпейсің. 
4,7(24 оценок)
Ответ:
BNN11
BNN11
29.12.2020

ответ: Мектептені мұғалім орнын робот ауыстыра алама?

Объяснение:

Мұғалім - мектептегі екінші анамыз. Мұғалім алғаш қолымызға қалам ұстатып, білім мен тәрбие берген. Мұғалім әр баланың жүрегінде қалатын аяулы ұстаз.

Мұғалімнің орнын робот ауыстыра алама? Бұл сұрақ қазіргі таңда жиі қолданылатын сұрақтардың бірі. Менің ойымша, бастауыш сыныптар үшін робот мұғалім тиімсіз. Себебі, балалар бастауыш сыныпта ықылас пен мейірімділікті сезінуі қажет. Ал, үлкен сыныптар үшін робот мұғалімді қоюға болады. Себебі, үлкен сыныптардың ойлау қабілеттері жоғары және өздерін ұстай алады, түсінеді.

Қорытындылай келе, Қазақстанда заманауи қалалардың қатарына қосылып, мектептегі техниканы да заманауи етілуі қажет. Мектептегі мұғалімдер робот болса, онда жас ұрпақта ешқандай бауырмалдық пен мейірімділік сезімдері қалфптаспайды. Сондықтан та робот мұғалім дәл адамның сезімдерін қайта алмағанша, мектепке қоюдың қажеті жоқ.

4,6(63 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ