1875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау» деген мағына береді.
Арада бір ғасырға жуық уақыт өткенде ең алғашқы ұялы телефондар пайда болды. Иллинойс технологиялық институтының түлегі Мартин Купердің өнертапқыштық бұл жаңалығын қазір әлем халқының жартысына жуығы күнделікті қолданып отыр
Ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың тарихы 1973 жылдың 3 сәуірінен басталады. Ұялы байланыс компаниясының қызметкері Мартин Купердің зерттеулер бөлімінің басшысы Белл Лабзға Нью-Йорк көшелерінде серуендеп жүріп соққан қоңырауы ұялы телефонмен алғашқы байланыс орнату саналады. Купердің өзі таратқыштан сигнал жіберу хаттамасының негізгі құрастырушысы еді. Ал ол қолданған телефонның салмағы, яғни ең алғашқы ұялы телефон 1,15 килограмм тартатын.
Сол уақыттары Нью-Йорк әлемдегі ұялы байланыстың базалық станциялары орнатылған әлемдегі жалғыз нүкте болды, төрт жылдан соң Чикагода 2000 абоненттік тәжірибелік ұялы желі құрылды. Ал 1979 жылы бұл өнертапқыштық жаңалыққа Күншығыс елі зор қызығушылық білдіріп, 88 базалық станциядан тұратын алғашқы ұялы байланыстың қызметін бастады.
Бурабай туралы аңыз Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері. Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізінен түсіп, өлтірмек болады. Ну орманда жүрген бура зәлімдерге кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, дәл бураның жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады. Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен.