Төлеген 17 жасқа толып, өзіне лайықты қыз іздей бастайды. Елдегі қыздарды ұнатпай, бір саудагерден 100 күндік жерде өте сұлу бір қыздың бар екенін естейді. Ол қыз да, салтанаты келіскен, көрікті, әрі жігіттерді жақтырмағандығын біліп, алыс жолға аттанғысы келеді. Шешесінің қарсы болғанына қарамастан, өзінің тік мінезімен, қызға деген қызығушылығымен, анасына түсіндіріп жолға шығады. Анасы оң батасын беріп шығарып салады. Төлеген жүздеген бас жылқыны айдап Жібектің еліне аттанады. Жолда тоқтаған жерден, лайық деген қыздарды жігітке ұсынып жатады, еш қызды ұнатпасада әр-қайсын құр жібермей бір бас мінгізіп отырады. Осылайша ел арасында атағы шығып, мұны Қаршыға да естейді. Қаршыға Жібектің ағасындай болған, ақылшысы еді. Қаршыға Жібекке айтпай, бірінші өзі жігітпен жолығып көргісі келеді. Төлеген де Қаршығаны сый-құрметке бөлейді. Қаршыға Төлегенді Жібекке ертіп апармақшы болады. Көш бойынан сан түрлі сұлу қыздарды көреді. Төлеген қыздарды Жібек деп ойлағанмен, олай емес болып шығады. Сөйтіп, көш басындағы ақ күймеге көзі түсіп, артынан қуып жетеді. Жүзін ешкімге көрсетпей, төмен қарап отырған Жібекке , жүзін көрсетуін бұйырады. Жібек бір-ақ қарағанда ақ, екеуі бірін-бірі ұнатып, әңгіме-дүкен құрып жарасып кетеді.
Ақ дастарқан - тура мағына, дастарқанның түсін білдіріп тұр
Ақ жол - ауыспалы мағына, сәтті сапар деген мағынада
Ақ қағаз - тура мағына, қағаздың түсін білдіріп тұр
Жақсы бала - тура мағына, баланың қандай екенін білдіріп тұр
Жақсы ниет - ауыспалы мағына, ізгі ой деген мағынада
Жақсы сөз - тура мағына, сөздің жақсы екенін білдіріп тұр
Жақсы жұмыс - тура мағына, жұмыстың қандай екенін білдіріп тұр
Қисық ағаш - тура мағына,ағаштың қисықтығын айтып тұр
Қисық тәрбие - ауыспалы мағына, дұрыс тәрбие берілмегенін айтып тұр
Қисық мінез - ауыспалы мағына, мінезінің шатақ екенін айтып тұр
Қисық тақтай - тура мағына, тақтайдың қисықтығын айтып тұр
Суық жел - тура мағына, желдің суық екенін білдіріп тұр
Суық су - тура мағына, судың суық екенін білдіріп тұр
Суық қол - ауыспалы мағына,жаман іс бітіргенін айтып тұр
Суық хабар - ауыспалы мағына, қаралы, жаман хабар деген мағынада айтылып тұр
Терең өзен - тура мағына, өзеңнің терең екенін білдіріп тұр
Терең ой - ауыспалы мағына, көп ойлайды деген мағынада айтылып тұр
Терең білім - ауыспалы мағына, көп білім деген мағынада айтылып тұр
Терең құдық - тура мағына, құдықтың терең екенін білдіріп тұр