Диалогты толықтыру.
— Асқар Жұмаділдаев кім?
— Асқар Жұмаділдаев—физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның Ұлттық Ғылым Академиясының академигі.
— Ол қашан және қай жерде дүниеге келген?
— Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентінде дүниеге келген.
— Асқар Жұмаділдаев қай жерде білім алған?
— Алматыда дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірді.
— Мектеп бітірген соң қайда оқуға түсті?
— Мәскеудегі М.В.Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі.
— Неше жасында физика-математика ғылымдарының докторы атанды?
— Отыз екі жасында.
— Қанша ғылыми мақала жазған?
— Асқар Жұмаділдаев 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
— Қай уақыттан бастап Еуропада қызмет істеді?
— Ол 1995 жылдан бастап он жылдай Еуропада қызмет істеді.