Эссе.
Ыбырай Алтынсарин.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!- деген өлең жолдары өмірге келгелі бір ғасырдан аса уақыт өтті. Бірақ ол күні бүгінге дейін балаларды оқып, білім алуға шақырған ұран болып келе жатыр. Осы өлеңнің аты аталған сайын оның авторы қазақтың ұлы ағартушы, ұстазы, ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсариннің есімі ойға оралады.
Жылдар өте келе білімі тереңдеп, ой-өрісі өскен Ыбырай халыққа пайдалы қызмет істеудің жолын іздейді. Ол кезде қазақ жерінде аздаған орысша оқытатын мектептер мен діни мектептер ғана бар болатын. Ал қазақ тілінде білім беретін мектеп деген атымен жоқ еді. Осындай жағдайда Ыбырай қазақша мектеп ашып, бала оқытуды арман етеді. Ыбырай арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. Оған алғаш он төрт-ақ бала кіреді, бірақ ол қазақ мектебінің тұңғыш қарлығашы еді. Одан соң болыстық бастауыш мектептер, қолөнер, техникалық және өндірістік училищелер ашуға кіріседі. Мұғалімдер даярлайтын мектеп те ашады. Тұңғыш рет қыздар мектебін ұйымдастырады.
Бүкіл өмірін халық ағарту ісіне арнаған Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Сөйтіп, ел арасына кең жайылып, жатталып кететін шығарма арқылы әсер етуді көздеді. Ақын жастарды оқуға үндей отыра "өмір қызығы - байлық" деген көзқарасқа соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екеніне көз жеткізеді.
Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің тарихында тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ол тұңғыш көркем аударма жасаған жазушы да болды.
Ыбырайды орыс достары қатты бағалаған. Ыбырай шын мағынасында оның орыс достары дәл көрсеткендей "қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер" болады. Өз еліне "Европа мәдениетінің жарық сәулесін жаратты". Иә, Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш дала қоңырауын қағушы, білім нәрімен сусындатушы.
Бос орынға керекті сөзді қойыңдар.
Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт – жас күнде көрген... .
Б) тәрбие
2. «Артыңа сөз қалдырды» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы.
В) өнегелі сөз
3. Ой, бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсауын өзінің! – деп іліп ала жөнелді. Сөйлемдегі тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?
Д) айнымай ұқсаған.
4.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Жауынмен жер көгерер, ... ел көгерер».
Б) батамен
5. Қай кезде берілетін батада айтылады?
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсың басыңа!
Б) дастарқан
6.Әлкейдің әкесі неге қуанды?
А) алғыс алғанына
7. «Бамның қарымын сынап білейін деп ойладым да, бір күні жай әңгімелесіп отырып». Мысалдағы «қарымын сынау» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңдар.
А) ойлау қабілетін тексеру
8. «Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер!» Қарамен жазылған сөзде қандай ықпал бар?
--- қарамен жазылған сөз белгіленбеген.
9. «Еңбек етсең ерінбей, ...». Мақалдың жалғасын табыңдар.
А) тояды қарның тіленбей.
10. Ұрпақ деген кім?
В) бала