Емен (лат. Quercus) – шамшаттар тұқымдасына жататын, жапырақ тастайтын не мәңгі жасыл ағаштар. Емен баяу (жиырма – сексен жылдай) өседі. Жарық сүйгіш ағаш. Он бес – алпыс жылда жеміс бере бастайды. Әрбір төрт – сегіз жыл сайын жаңғағы көбейе береді. Бес жүз – мың жыл және одан да көп уақыт (мысалы, Литвадағы Стелмужи табиғи саябағындағы еменнің жасы – екі мың жылға жуық) өсіп тұрады. Оның дүние жүзінде төрт жүз елудей (кейбір деректер бойынша алты жүздей) түрі кездеседі. Жайық өзенінің аңғарында емен орманы кездеседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында көгалдандыру мақсатымен егіледі. Қазақстанда сирек кездесетін бір түрі – кәдімгі емен бар. Оның биіктігі 40 – 50 м. Діңі бірнеше жуан бұтақтан тұрады, тілім-тілім болып жарылған, қоңыр сұр түсті қалың қабықпен қапталған. Жас өркені жапырақсыз, қызғылт-қоңыр болып келеді. Жапырағы ірі (ұзындығы 7 – 20 см-дей), дөңгелек, қою жасыл түсті. Реңсіз гүлдері дара жынысты, аталық гүлі сырға тәрізді, аналық гүлі жеке-жеке не екі – үштен бірігіп, гүл сабағына шоғырланған. Сәуір – мамырда гүлдеп, қыркүйек – қазан айларында жеміс береді. Тұқымы – жаңғақ. Жаңғағынан мал азығы және кофе қо дайындалады. Емен қабығының құрамы илік зат – танинге бай, олар медицинада, тері өнеркәсібінде қолданылады. Сүрегі қатты әрі берік, аса бағалы құрылыс материалы ретінде өнеркәсіпте (мысалы, кеме, вагон, жиһаз жасау, т.б.) пайдаланылады.
Адамдар мен жануарлар өзара тығыз байланысты.Жануарлар-біздің достарымыз.Бірақ адамзат кейде оларды көңілді,кейде қосымша материалдық табыс үшін жояды.Осыған байланысты түрлі популяциялар төмендеуде.Жануарлар Қызыл кітапқа түсіп,жойылу шегіне түседі.Адам мен жануарлар арасындағы қарым-қатынас әрқашан болды.Әрбір үйде дерлік үй жануарлары бар.
Мүмкін, бұл мысық, ит, мүмкін попугайчик және т.б.Бірақ кейде адам жақын достарын сатады. Мысалы, адамдар өздерінің жеке проблемаларына байланысты өздерінің сүйікті тұлғаларын көшеге тастайды.Мүмкін, жай ғана шаршап, шаршап кетеді.Бұл адамдар тарапынан өте қатал.Өйткені, жануарлар сізге зақымдалғаны немесе ойнайтын жаста болмағаны үшін кінәлі емес.Жоқ, олай издевательски оларға.
Өйткені біз қол сұғатын адамдарға жауап береміз.Біз оларды жақсы көруіміз керек.және ешқандай жағдайда мұндай бос себептер бойынша құтылмайды.Олар да тірі
Объяснение:
Өнертабыстың адам өміріне пайдасы.
Өнертабыс бүгінгі күні қоғам дамуының қозғаушы күшіне айналып отыр.
Ғылым жетістіктерінің адамзат қоғамының дамуына, қоршаған ортаның өзгерістеріне тигізетін әсерін зерттеуші халықаралық орталықтардың көрсетулерінше, соңғы екі жүз жылдағы экономика өсіміндегі өнертабыстың үлесі 90 пайызды құрайды. Бүгінгі үдемелі жаһандану кезеңінде, әлем күрделі технологиялық серпінді өзгерістердің табалдырығында тұр. Өмірге бұрын-соңды кездеспеген материалдар, тұрмыс бұйымдары, өндіріс құралдары, қалдықсыз, қауіпсіз қуат көздері келе жатыр.
Қазіргі таңда адамдар үш ұйықтаса түсіне кірмеген түрлі өнертабыстар күн сайын ойластырылып, жасалуда. Мысалы, бұрын адамдар көз майын тауысып, қағаз басу үшін қаншама әріп терсе, ендігәрі оның барлығын электронды түрде көшірме жасап немесе сканерлеп алуға болады.
Заман алға жылжыған сайын өнертабыстағы жаңа технология ғасыры жаңарып барады. Өткен ғасырда әйгілі Нобель сыйлығына ие болған ғылыми жаңалықтың тұрмысқа енуіне 30-40 жыл қажет болса, бү-гінде бұл уақыт қас пен көздің арасында ғана, ен көп дегені 4 - 5 жылдан аспайды. Тіпті ойламаған нәрселердің өзі өнертабыстың құрамдас бөлігі ретінде кәдеге асып жатыр. Технологиядағы жаңа дәуірде көздің жауын алатын әлі талай өнертабыс түрлері ойластырылатынына сенімдімін.