Өмір дүние дегенің-ағып жатқан су екен. Неліктен? Себебі өмір адамға тек бір рет қана беріледі. Осы қамшының сабындай қысқа өмірде сен өзіңнің пенделік, азаматтық борышыңды атқаруың керексің. Сен бостан босқа алтын уақытыңды зая кетіретін болсаң өмірің көзіңді ашып жұмғанша өтіп кетеді. Өз уақытыңды бағалап, оны үнемдеп, өмірде жақсылық жасап, қасыңда жүрген ата-анаңа, туыстарың, достарыңа қамқор болып оларды сыйлау керек. Сондықтан да Абай: "Өмір дүние дегенің, Ағып жатқан су екен. Жақсы жаман көргенің, Ойлай берсең у екен"- деп бекер айтпаған екен.
Отбасы - сенің туғандарың, ең жақын жандарың. Отбасыда қанша адам бары маңызды емес. Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас. "Отбасының өнегесі - Отан өнегесі" демекші, отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады. Сондықтан да, отбасының бақытты болуы аса маңызды. Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды. Бақытты отбасында, ең алдымен, түсіністік пен сыйластық болуы керек. Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін. Екіншіден, әрине, отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға, дайын болуы қажет. Бала сабақ оқудан қиналса, барынша көмектес, түсіндір. Ана жұмыстан шаршап келіп, үй шаруасына кірісіп жатса, оған да қол ұшын соз. Және отбасы мүшесі алысқа кетсе, хабарлап, жағдайын сұрасып тұру керек. Үшіншіден, отбасында үндестік орнаса, ол отбасы бақытты саналмақ. Яғни, жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып, үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін.
"Өмір дүние дегенің,
Ағып жатқан су екен.
Жақсы жаман көргенің,
Ойлай берсең у екен"- деп бекер айтпаған екен.