М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Vetaflyy
Vetaflyy
13.06.2020 16:42 •  Қазақ тiлi

Киім кию, киіну стилі, сəнге айналған, қазіргі заманғы стиль, эклектика , дәстүрлі киім, табиғи тері, жұқа шифон, жібек мата, теңізші стилі, жастар стилі. сол сөздерге сөлем құру.

👇
Ответ:
Shermetovelyar552
Shermetovelyar552
13.06.2020

1) Әр халықтың өзіндік киім кию мәдениеті болады.

2) Бүгінгі байқауда төрешілер қатысушылардың киіну стиліне айрықша мән берді.

3) Сәнге айналған киімдерге қызықпайтын жас жоқ шығар,сірә.

4) Менің құрбым киімді қазіргі заманғы стильдерге сай сатып алады.

5) Эклектика бұл – стильдердің араласуын беретін құбылыс.

6) Дәстүрлі киімдерде ұлттық ою-өрнектер,кестелер көптеп қолданылады.

7) Мына етігіңіз табиғи теріден жасалынған ба?

8) Мен көбінесе жұқа шифоннан тігілген көйлектерді аламын.

9) Жібек матаның Ұлы Жібек жолындағы маңызы ерекше екен барлығымыз білеміз.

10) Теңізші стилінің шығу тарихы ағылшындармен тығыз байланысты.

11) Жастар стилі өте ауқымды әрі жиі өзгерісте болады.

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Lkjgcvb
Lkjgcvb
13.06.2020
Абай - ұлы ақын!
  Абай - қазақтың дара туған ақыны. Ол ерекше ақын. Ол ел үшін, халық үшін биліктен бас тартты. Әкесі қатал болғанымен, ол ерекше болды. Оның ерекше ақындық қасиетке баулыған әжесі мен анасы болды. 
  Оның әрбір өлеңдерінде астарлы ой жатыр. Ол өлеңдерінің бірін тұспалдап, астарлы оймен жазса, ал енді бірін анық, ашық жеткізе біледі.
   Оның 45 ғақлиясы, яғни 45 қара сөзібар. Оның әрбір қара сөзі білім, өнер. тәрбие туралы айтады. Оны оқыған адам ерекше сезімге ие болады.
   Міне, осындай ерекше дара туған ақынын қазақтар мақтан тұтады!
4,8(100 оценок)
Ответ:
dizel1747
dizel1747
13.06.2020

Олимпиадама тұңғыш чемпион Жақсылық Үшкемпiров.

Қысқаша өмір жолы 

Жақсылық Үшкемпіров  1951 жылы Жамбыл облысына қарасты Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін, Семей қаласындағы мал дәрігерлік институтына түсіп, зоотехникалық мамандықты таңдаған. Жақсылық Үшкемпіров 1974 жылы институтты тәмамдап, қазақ жеріне еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен Алматыға ат басын бұрады. Кішкентайынан қазақша күреспен айналысқан ол жоғары оқу орнында білім алып жүріп, күрестің классикалық және еркін түрлерімен шұғылдана бастаған. Роман Хасанұлы Ильматовтың кеңесімен  1970 жылдан бастап, өзіне таңсық күрестің жаңа классикалық түрімен айналысуды жөн көрген. Әр спортшының өзіндік құпия тәсілдері болады емес пе? Үшкемпіровтың де жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі - арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді балуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген. Жақсылық Үшкемпіров күрес кезінде өз қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шешетін. 1975 жылы Алматыда өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасында балуанның жолы болып, қазақ даласының ең таңдаулы боз кілем шеберлерімен белдесіп, бірін қалдырмай жеңіп, Спартакиада чемпионы атанады. Бұл Үшкемпіровтың бірінші алтын медалі еді. Бұл жарыстардан кейін де Ж.Үшкемпіров қазақ елінің чемпионаттарында жеті дүркін жүлдегер атанған. Халықаралық жарыстардан жүлдесіз қайтпайтын ол Олимпиада ойындарына да жолдама алды.

Жұлдызды сәт

1980 жыл. Мәскеу. Әлемдік спорт тарихындағы елеулі оқиға – Олимпиада ойындары. Бұл ойынға қазақ намысын қорғау үшін бірталай спортшыларымыз ат басын Мәскеуге бұрды. Солардың арасында Жақсылық Үшкемпіров те болды. Қазақ балуанының жеңіске жететініне тек оның жаттықтырушысы Вадим Александрович Писарев қана сенгенімен, қалғандары күмәнмен қарады. Міне,айқасатын сәт те келіп қалды. Олимпиаданың жеребе тастау рәсімінің қорытындысы бойынша, қазақ балуаны бірінші белдесуде әлемнің екі дүркін чемпионы  Александрумен айқасатын болды. Үшкемпіров секілді чемпиондыққа үміткерлердің қатарында: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештер болған. Бірақ, қарсыласын қырғидай қырған қазақ балуаны Ж.Үшкемпіров чемпион атанып, осы жарыста күллі әлемге ел атын асқақтатып қайтты.

4,7(73 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ