Бұл әдеттегі күн болды. Мен мектепке бардым. Мен достарымды көрдім және 5 сабақ алдым. Мектептен кейін үйге бардым. Мен түскі ас ішіп, үй тапсырмасын орындадым. Ауа-райы жақсы болған кезде достарыммен серуенге бардым. Біз паркте жүрдік. Бұл жерде өте әдемі болды. 6 жасымда үйге бардым. Мен отбасыммен бірге түскі ас ішетінмін. Мен асыма ас үйіме көмектестім. Кешке мен достарыммен Интернетте сөйлестім. Мен 11-ге дейін төсекке бардым.
Жоспар. 1.Жасыл жапырақ. 2.Күннің суытуы. 3.Жапырақтың сұрағы. Орманның ортасында үлкен ағаш өсіп өніпті.Жазда сол ағашты жасыл жапырақтар көмкереді екен.Сол жарырақтардың біреуі өте сезімтал,айналасын біліп,көргісі келетін тынышсыз болыпты.Оның өмірі жаз бойы күннен нәр алып,жаңбырдан сусыны қанып,тыныш өтіпті.Бір күні жапырақ оянып көзін ашса,табиғат өзгеріп сала беріпті.Күн салқындап,жел тұрып,жапырақтар сары көйлегін киген екен.Ауызы ашылып таңырқап тұрған жапырақты жел үзіп ұшыра жөнеліпті.Жапырақ ұшып бара жатып:Ағаш анасынан біз қайда барамыз,көшемізбе,-депті.Сонда ағаш:Жапырақтарым,сендер менің баламсыңдар,Көктемді бүршік атып шықтыңдар,жаздай жайнап жасыл көйлек киіп билеп өстіңдер,енді міне күн суытты,күз келді.Сендер мені тастап әр жерге ұшып кетесіңдер,- деді.Жапырақ:көктемде кездескенше,-деп ағаш анасынан ұзап ұшып кете барды.
Баянауыл – «Баян» деген сөз – әйгілі, айтулы, мәлім, даңқты, белгілі, тұрақты ұғымын; «аула» деген сөз – орын, аймақ, айнала, мекен-жай, маң, т.б. жер атауларын білдіреді. Климаты тым континенттік (жазы – ыстық, қысы суық). Жер бедері жекелеген жақпар тасты тау шоқыларынан тұрады. Баянауыл тауларының етегінде көптеген бұлақтар, суы мөлдір көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) бар. Саябақта 20-дан аса археологиялық ескерткіштер, қола дәуірінен қалған қорғандар, тастағы жазулар мен таңбалар, үңгірлер (“Әулиетас”, “Драверт”, “Құмыра”, т.б.) бар. Ұзақ жылдар бойы жел мен судың әрекетінен түрлі мүсіндерге айналған жартастар (“Найзатас”, “Жұмбақтас”, “Көгершін”, “Атбасы”, т.б.) саябақ табиғатына ерекше көрік береді. Саябақтың өсімдіктер дүниесі мен жануарлар әлемі де алуан түрлі. Өсімдіктердің 400-ден астам түрі (қарағай, қайың, қандыағаш, таңқурай, мойыл, долана, т.б.), сондай-ақ, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі де осында өседі. Омыртқалы жануарлардың 100-ден аса түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 40-тан аса түрлері (арқар, елік, қасқыр, түлкі, сілеусін, борсық, тиін, т.б.) мекендесе, құстардың 50-ден астам түрлері (аққу, қаз, үйрек, құр, шіл, бүркіт, т.б.) ұялайды. Арқар, бүркіт, сұңқылдақ аққу Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Балықтың 8 түрі (шортан, сазан, оңғақ, алабұға, т.б.) бар. Саябақ аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, қорықшалық және демалыс белдемдеріне бөлінген. Қорықтық белдемде шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тыйым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Қорықшалық белдемде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Баянауыл ұлттық табиғи саябағының табиғат қорғауды, адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор. Жасыбай – Баянауыл ауданындағы табиғаты көркем, тұйық көл. Жағалауында демалыс үйлері, «Баянтау» туристік базасы, оқушылар дем алатын лагерьлер орналасқан. Көл суы тері ауруларына ем. Жасыбай, Сабындыкөл және Торайғыр көлдерінің алабы жоңғар шапқыншылығы кезінде Жасыбай батыр басқарған қазақ жасақтарының жау бетін қайтарған тарихи жерлердің бірі болған. Көл Жасыбай батыр есімімен аталған. Батырдың Жасыбай жағалауында зираты бар. Сабындыкөл – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» аңызында айтылғандай, ару Баян бірде шомылып жүріп, қолындағы сабынын көлге түсіріп алыпты. Осылай көлдің суы жұмсақ, кір ашатын қасиетке ие болыпты. Содан Сабындыкөл аталыпты. Торайғыр – Торайғыр ауылының жиегінде орналасқан әсем көл. Көл жағасында жасыл ағаштар, тау бөктерлері мен таудан аққан бұлақ бар. Суы мұздай салқын, мөп-мөлдір, ішкенде шөлінді қандыратын қасиеті бар.