М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mellll12345
mellll12345
18.02.2020 17:08 •  Қазақ тiлi

Эссе на казахском языке на тему "как я провожу свое время"

👇
Ответ:
Yasmin76000
Yasmin76000
18.02.2020
 Менің бас уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Жексенбіде отбасымызбен серуенге шығамыз, табиғат аясында демаламыз. Мен өзімнің демалыс күнімді қызықты өткізгенді ұнатамын. Бұл күні мен достарыммен кездесіп, киноға немесе сауықтыру орталықтарына барғанды ұнатамын. Жалпы бос уақытында адамдар өздерінің сүйікті істерімен айналысқанды ұнатады. Менің сүйікті ісім – кітап оқу, шаңғы тебу. Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін
4,8(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PROMES
PROMES
18.02.2020

Менің оқыған мәліметтер де, Қазақстан бойынша жиырма мыңнан астам, ал тек Маңғыстау өлкесінде 4168 құдық болған екен. Олар көшпелі халқымыздың өмір тіршілігінің көзі болып саналғанмен, бүгіндеолардың көпшілігінің күтімі болмағандықтан көзі бітіп, суы

тартылып, істен шыққан екен.

 

Осы жеті қабат жер астындағы судың ащы-тұщысын тап басып

таба алатын, оның мол-аздығын алдын ала болжайтын білгір

құдықшылар аз болмаған. Бұл ши өсіп тұрған жерлер мен жан-

тақты ойпаттарда тұщы су көздері мол және олар жер бетіне

жақын болып келеді.

Объяснение:

Мен өз білімім бойынша жаздым, сондықтан дұрыс па дұрыс емес пе білмеймін, бірақ есімдіктер қосып жаздым).

ЕСІМДІКТЕР:

Сілтеу есімдуктер: бұл, осы.

Жіктеу есімдік : менің.

т.б.

4,4(19 оценок)
Ответ:
DUGLASMORFINI
DUGLASMORFINI
18.02.2020

Еліміздің ертеңi— бiлiмдi жастар. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше, жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Сондықтан, елінің ертеңін ойлаған азамат ізденіп білім алып, мамандық игеріп, өмірден өз орынын табуы тиіс.

Жуырда қаламыздағы Талғар политехникалық колледжінде диплом тапсыу салтанаты өтті. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығына қажетті жұмысшы мамандықтарын даярлап келе жатқан білім ордасын бұл жолы 234 студент бітіріп, үлкен өмірге қанат қақты. Әсем безендірілген колледж ауласында өткен игі шараға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Майра Ауелбекова, аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Дінмұхамед Есім, «Бақыт сарайы» мейрамханасының меңгерушісі Ирина Елишовалар қатысып отырды. Игі шара бітіруші түлектердің топ жетекшілері, топ шеберлерімен бірге ортаға енуінен басталды. Әдемі киініп, жүздерін қуаныш кернеген жастар әуезді әннің ырғағымен қол ұстаса ортаға енген соң, айбынды Әнұранымыз шарықтай шырқалып, ортаға алғашқы құттықтау сөз сөйлеу үшін колледж директоры, «Құрмет» орденінің иегері, ауданымыздың Құрметті азаматы Райхан Садықова шықырылды. Студент жастарға ақ жол тілеген колледж директоры оқу жылындағы жетістіктерді тілге тиек етіп, үздік студенттер мен оқытушыларды да ерекше атап, мақтан етті.

4,7(99 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ