Кәсіби қазақ тілі пәнінен аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
1. Ғылым, техника және өнердің қандай да бір арнайы саласындағы белгілі
бір ұғымды атау үшін қолданылатын сөз немесе сөз тіркесі
А) термин
В) сөйлем
С ) жүйе
D) мамандық саласы
2. Қандай маман жоғары сұранысқа ие болады?
А) білімді, білікті, бәсекеге қабілетті
В) білімсіз, нашар, қабілетсіз
С) жауапкершілігі бар, тәжірибесіз
D) адамдармен тіл табыса алмайтын, адал
3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. Менің дос... жоғары оқу
орны... студент... .
А) -ым,-ның,-і
В) -мыз, -нда, -ім
С) -ың,-н,-і
D) -на,-ның,-і
4. Аударма дегеніміз .
А) берілген ақпараттың құпиялылығын сақтау
B) екі тілде берілген ақпаратты сақтау
C)мамандық бойынша бір тілде берілген ақпаратты екінші тілдің
тәсілдерімен басқа тілге жеткізу.
D) ана тілінде берілген ақпаратты мазмұндау
5. Ілік септігі + тәуелдік жалғауы арқылы байланысқан тіркесті көрсетіңіз.
А) мамандық таңдау
В) мамандық бойынша
С) студенттің мамандығы
D) әлемдік кеңістікте
6. Септік жалғауында тұрған сөз тіркесін көрсетіңіз.
А) білім саласында
В) жүзеге асыру
С) ұлттық құндылықтар
D) қоғам жастары
7. «Конкурентно квалифицированный, восстребованный,
специалист» тіркестерінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.
А) бәсекеге қабілетті, білікті, сауатты маман
В) жоғары сұранысқа ие, сауатты, беделді маман
С) бәсекеге қабілетті, білікті, жоғары сұранысқа ие маман
D) білікті , үлгілі, тәжірибелі маман
8. «Ауыспалы осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) жүзеге асыру
В) жүзеге асырылды
С) жүзеге асырады
D) жүзеге асырылып жатыр
9. Көп нүктенің орнына қай септіктің жалғауы қойылуы керек?
Жылу электр стансалары тұтынушылар... электр энергиясы... бу және ыстық
сумен қамтамасыз етеді.
А) табыс, барыс
В) ілік, табыс
С) табыс, көмектес
D) барыс, табыс
10. Ілік септігі + тәуелдік жалғауы арқылы байланысқан тіркесті көрсетіңіз.
А) тұтынушыларға жеткізу
В) жылудың әсері
С) дәнекерлеп қосу
D) қысқыштар арқылы
11. Берілген тіркес қай септікте тұр?
Жылу энергетика саласына; жылу электр орталықтарында, жылыту
жүйесін
А) ілік, барыс, табыс
В) барыс, жатыс, табыс
С) жатыс, барыс, шығыс
D) барыс, жатыс, көмектес
12. Сөздердің қысқартылуы арқылы жасалған жылу энергетика саласының
терминдерін белгілеңіз .
А) ЭҚК, ЭЖЖ, ПӘК,
В) ЭҚК, ЖОО, БҰҰ
С) БШЭС, ГШЭС, ЖЭО
D) ЭҚК, ААҚ, ПӘК
13. Тәуелді тіркесті табыңыз.
А) жылуды пайдалану
В) отынды жағу
С) жылу көзі
D) жылумен қамтамасыз ету
14. Жылуэнергетика терминдері бар мәтінді көрсетіңіз
А) публицистикалық мәтін
В) ғылыми-гуманитарлық мәтін
С) жаратылыстану-ғылыми мәтін
D) ғылыми-техникалық мәтін
15. Реттік мәнді білдіретін сөз қатысқан сөйлемді табыңыз.
А) бірінші байлық
B) денсаулықты бағалау.
C) он бес студент
D) он шақты адам
16. Қайда? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.
А) бу қазандарын
В) жылыту жүйелерінде
С) тұтынушыларды қамтамасыз ету
D) жылу қозғалтқышымен
17. Техникалық аударма дегеніміз ... ... ... .
А) ғылыми-техникалық ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.
В) көркем-әдеби ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.
С) ауызекі ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.
D) мәдени ақпарат алмасу үшін қолданылатын аударма.
18. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойыңыз. Алматы энергетика және
байланыс университеті... түстім.
А) - ке
В) - нде
С) -н
D) -не
19. «Переподготовка специалистов, профессиональный специалист»
тіркесінің аудармасын табыңыз.
А) мамандыққа дайындау, кәсіби сала
B) мамандандырылған бөлім, маманның кәсібі
C) мамандарды қайта дайындау, кәсіби маман
D) мамандық бойынша, кәсіп иесі
20. 1 жақта тұрған етістікті табыңыз
А) студентпін
В) оқыды
С) бардық
D) мамандығы
Алтын күз.
Әне – міне деп, асыр салып ойнап жүргенімізде күздің де келіп жеткенін байқамай қалыппыз. Табиғаттың әрбір маусымы өз ерекшелігімен әдемі. Менің ойымша, күз басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен ерекше. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз жапырақтардың барлығы сарғайып, алтын түстес болып, айналаның бәрі де сары түске боялғандай болады. Осы қызыл, сары, қоңыр жапырақтар - «алтын күздің» айрықша белгілері.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаушы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.
Күз сонымен қатар молшылықтың, байлықтың, берекенің маусымы. Осы кезде қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, бидай, тары, күріш, сұлы арпа дақылдары піседі. Құстар да күз келісіміен келесі көктемге дейін жылы жаққа ұшып кетеді.
Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Неткен ғажап көрініс . Бірақ, қандай болмасы менің жаныма ең жақын - осы бір күз мезгілі. Оның екі себебі бар, бірінші себеп – ол күздің нағыз жылы күндерімен тұспа – тұс келетін менің туылған күнім, ал екіншіден, табиғаттың осы бір ғажайып күйі маған ерекше сезім сыйлайды. Сонымен қатар, күзде саябақта қыдырып, ағаштардан түскен жапырақтарды жинап, гербарий жасау – менің хоббиім.
Сағаттың -өзі ұры.Əр бір тірі жан белгілі бір уақытқа дейін өмір сүреді.Абай атамыз осы өмірдегі уақыт жайлы жазып кеткен болатын.
Уақыт-ол өміріміздің асыл байлығы деп айтсақта болады.Ол біздің өміріміздің жартысы.Оны тоқтату мүмкін емес.Сол сияқты а ң да өмір сүру уақыты белгілі бір мерзімге дейін болып келеді.Сол уақытымызды үнемді ж/е бостан бос кетірмеуіміз керек.Оның əр сағаты мен уақыты қымбат.Сондықтан біз қазірден бастап ойлануымыз керек.Өз өмірімізде бізге керек емес заттарға уақытымызды кетірмей ,өзімізге пайдалы істермен шұғылдануымыз керек.Уақыттың байлығын түсіне білейік.
Жетпей жатса арасына толықтырп көр.Мүмкін болса маған тіркелші )Əрі толтыруға ой жетпеді.өз ойынан қосып көр.