ответ:
жайлау – жазғы қоныс. жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. қазақ елінің дәстүрлі жайлауы сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, қазақстанның солтүстік-батысында (мұғалжарда), солтүстік-шығысында (алтай, сауыр және тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (жетісу алатауы, іле алатауы және тянь-шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (қаратау өңірінде) болды. қазақстанның әр өңіріндегі жайлауды рулы ел, қала берді жеке ата ұрпақтары пайдаланған. халық қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға, жайлаудан күзеуге көшіп отырды. жайлау мен қыстау малға тиімді, тіршілікке қолайлы, көшіп-қонуға ыңғайлы жерлерден таңдап алынды. мысалы, жетісу өлкесінде қыстау қаш көлінің оңтүстігіндегі құмды, қамысты аймақта орналасса, жайлаулардың көбі оның солтүстігіндегі таулы атырабында жатты. қазақстан жеріндегі жайлау мен қыстау арасының қашықтығы да әр түрлі болды.
Батырлық туа біте ма?Осы сұрақты қойғанда Абай атамыздың 19-ші қара сөзі еске түседі.Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды.Сол сияқты адам туылғанда батыр болып тумайды.Әр адамның мінезі жүре,көре түзеледі.Қоршаған ортаның,айналадағы адамның әсері тигеніне байланысты адам батырлықты не қорқақтықты бойына сіңіреді.