1. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел.
2. Қазақстан аумағын шартты бес аймаққа бөлуге болады: Батыс Қазақстан аймағы, шығыс Қазақстан аймағы, оңтүстік Қазақстан аймағы, солтүстік Қазақстан аймағы және орталық Қазақтан. Әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар.
Мәселен, Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау.
Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Шығыс Қазақстан аймағының басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.
Оңтүстік Қазақстан — батыстағы Арал теңізінен шығыстағы Жетісу Алатауына дейінгі және солтүстіктегі Балқаш көлі мен Бетпақдала шөлінен Қазақстанның оңтүстіктегі шекарасына дейінгі үлкен алқапты алып жатқан өңір. Құрамына Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары жатады.
Солтүстік Қазақстан - еліміздің ең үлкен астықты ауданы. Қаpa топырақты жерлердің мол болуы егін шаруашылығынын, дамуына игі әсерін тигізеді. Негізгі маманданған саласы (егістік жердің 80%-ы) - жаздық бидай өсіру. Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау.
3. Еліміздің аумағында көрікті жерлер аз емес. Солардың ішінде "Жер жәннаты" атанған Жетісу өлкесі, "Қазақстан Швейцариясы" атанып кеткен Бурабай өлкесі, Балқаш өңірі, Каспий теңізінің жағалауы, Алматы облысының аумағындағы Әнші құм, Шарын шатқалы, Көлсай көлі т.б. жерлер.
Менің Қазақстаным - ең қымбат, маңызды, бағалы, сүйікті елім. Бұл менің Отаным... Қазақстанда бір отбасымен он бес миллион адам өмір сүреді, жүзден астам ұлт өкілдері және халықтары. Біздің елімізде басқа тілде сөйлейтін, басқа дін ұстанатын, басқа ұлт адамдары бір елде қалай тұратынына әлі де таң қаламын. Қазақ тілінде, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар және газеттер шығарылады, ұлттық театрлар жұмыс істейді, эстрадалық ансамбльдер, ұлттық программалар радио және телекөріністерде жүргізіледі. Бүкілімізді, яғни әр түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін бір нәрсе: біз - Қазақстан халқымыз. Қазақстан - мүмкіндігі көп, тәуелсіз ел. Оның дамуы тез жүріп бара жатыр. Қазір біз жай ғана балалармыз, бірақ келешегімізге жоспар құрамыз, мемлекетке пайда әкелетіндей біреу болуға, елдің әл-ауқатын арттыруды армандаймыз. Менің Қазақстаным: бейбіт, еркін, бай, көп ұлтты. Біз еліміздің өткенімен мақтанамыз, келешек үшін қазіргіге өмір арнаймыз.
Қазақстанда тату-тәтті он бес миллионнан астам адамдар өмір сүреді , жүздеген халықтар тұрады . Менің таңғалатыным , қалай бір елде көптеген халық тұрады , діні-насихаты әр түрлі адамдар бәрібір ілтипатты бір-біріне таза және пәк . Қазақ , орыс , ұйғыр , неміс , кәріс , татар және т.б. тілдерде кітаптар мен мақалалар шығады , ұлттардың тілдерінде радио мен теледидарлардан бағдарламалар көрсетіледі . Бәрімізді қосатын бір ел - Қазақстан . Елімізде бар барлық ұлт қазақ , татар , орыс , кәріс тағы бар . Бәрімізге пана болды . Ең тату халықтың бірі қазақтар . Қазақтың жері жомарт халқы дархан . Бәрі тілін , тарихын білу керек . Осы жерде бәрі болсын тату . Қазақстанның халықтары тату берік . Бұл қазақ жерінде бірлікті сақтауға көмек береді . Ал "Бірлік" - бұл ең маңызды .