М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vegeg
vegeg
29.10.2022 01:53 •  Қазақ тiлi

Ауаның денсаулығы үшін рөлі қандай?

👇
Ответ:
kim201
kim201
29.10.2022

Ауаның адам денсаулығы үшін рөлі қандай?

Ауа дегеніміз - түрлі табиғи газдар қо Ауаның біздің өмірімізде алар орны ерекше. Барлық тіршілік атаулының – адамдар мен жануарлардың, тіпті өсімдіктердің тыныс алуына қажет. Ауасыз өмір болмайтыны баршамызға мәлім. «Ауадай қажет» деген тұрақты сөз тіркесі де осыдан пайда болған шығар.

Бірақ біз табиғаттың бізге берген теңдесіз сыйын дұрыс пайдалана білеміз бе? Соңғы елу – алпыс жылда ауаның құрамы мен сапасы нашарлап, бұл барлық әлемдегі ғалымдарды алаңдатуда. Ауаның ластануы салдарынан экологиялық ахуал да нашарлап, бұл әлемдік деңгейде түрлі мәселелерге әкеп соғуда. Сондықтан дүние жүзі ғалымдары ауаның ластануын болдырмау немесе барынша азайту мақсатында бұл мәселенің шешімін ұсынуда. Мысалы, түрлі химиялық әдістермен тазарту, тау – кен өндірісі мен түрлі зауыттар мен өндірістердің қалдықтарын арнайы сүзгілерден өткізіп тазалау т.б.

Ал ауаның адам денсаулығы үшін рөлі қандай? деген сұраққа келер болсақ, таза ауа адамның дем алуына қажет, таза ауамен демалған адамның да дені сау әрі мықты шымыр төзімді болып келеді. Ауасыз өмір де болмайтын еді. Себебі таза ауа - тіршілік кепілі.

Ал біз өз тарапымыздан ауаның ластануын болдырмау үшін не істей аламыз? Барлығымыз білетіндей жасыл желек оттегі бөлетіндіктен, ағаштарды көптеп отырғызуға болады. Ал жайқалып өсіп тұрған ағаштардың түптерін әктеп, қадағалап отыру керек. Барлығы өз қолымызда екенін есте ұстап, сіз бен біз болып қоршаған орта тазалығын сақтайық!

4,8(26 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
малая188
малая188
29.10.2022

біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол – ғаламтор. ң интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. ғаламтордың ақпараттық қуатты  мүмкіншілігін  біз әлі  тереңірек ұғына қойған жоқпыз.  ал  ғаламторды қолдану барысында  барлық ң өмір сүру  аймағында  қазір күдік тудырмайды.

ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. әлем торласып үлгерді аз уақытта. кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін.

ғаламтортұтасқан әлем. өрмекшінің торы дерсіз. енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз…

ғаламтор ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар.

ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол ң өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда ға зияны аз болады. әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады.

ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. қазіргі ған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген ға бұл технология ауадай қажет. оның қызмет айасы төтенше шексіз. онда не керектің бәрі бар. тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

4,6(25 оценок)
Ответ:
Alisialove
Alisialove
29.10.2022
Асқақ Тянь-Шань тауы жотасының көкжасыл бауырайынан орын тепкен қаланы «қала-бақ» деп атайды. Қала маңының табиғаты да әсем: мен мұңдалаған, алып тау шыңдары, асау өзендер, түрлі жұмбақ үңгірлер, бірегей реликті шоқ тоғайлар, бәрі де қаладан бірнеше шақырымда ғана жатыр.
Бұл жер тарихта Жетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, қәзірде еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі.
Алматы туризмінің ерекше қызықтыратыны, саяхатшы бір күннің ішінде бес климаттық аймақтың куәсі бола алады – ыстық шөлді жерден бастап, мәңгілік қарға дейінгі жолдан өтеді. Бұл өлкенің көрікті табиғат кешені әр түрлі туризмнің гүлденуіне мүмкіндік жасайды.
Алматы Қазақстанның табиғаты сұлу тау қойнауында, Орта Азияның климаттық жағдайы ең қолайлы жерлерінің бірінде орналасқан. Тап-таза мөлдір тау суы қалаға, жасыл желектерге нәр беріп, ауаны тазартады.
Бұл туристер үшін де бәрекелі өлке. Мұнда тамашалап көретін, Хан Тәңірі шыңы мен Шымбұлақтың қар басқан жолдарынан Ұлы Жібек жолы, Әнші құмдар маршруттарына дейінгі, бірегей жерлер өте көптеп кездеседі.
Қала Евразия құрылығының дәл ортасында, Қазақстанның оңтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 700 ден 1100 м биіктіктегі, Тянь-Шань тауының етегінде орналасқан. Оның үстінен, биіктігі жағынан Қазбек, Монблан шыңдарынан кем түспейтін, Талғар (5017м), Нұрсултан (4376м), Үлкен Алматы (3684м) шыңдары мен мұңдалап алыстан көрінеді.
Алматының климаты шұғыл континентальды, жыл бойы ғана емес, тәулік бойы да температураның ауытқып отыруы жиі байқалады. Халқының саны - 1 млн. 500 мың, жер көлемі - 350 кв.м, экономикалық белсенді халқының саны - 763 мың адам.
Алматы көк желекпен көмкерілген. Оның 10 000 гектар аумағын саябақтар мен шоқ тоғайлар, гүл бағзалар және бақшалар алады. Орталық көшелері мен даңғылдары, арықтар мен фонтандарды, егіндік пен бақшаларды төмен қарай құлдырай ағып жатқан, үш тау өзендері – Есентай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерімен жарыса, жоғарыдан төменге, оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр.
Қалаға салқын ылғал ауа әкелетін фонтандар (су бұрқақтар) мен көз қуантар гүл бағзалар ерекше әсемдік береді.
Қала көркі кешке және түнде, түрлі түсті жарқ-жұрқ еткен сары, ақ, қызғылт моншақ-шамдар ұшқындары қатар тізіліп, таңғаларлық сұлу кейіпке енеді. Витриналар, кафе, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарының оттары таң атқанша сөнбейді.
Алматы – Іле Алатауы баурайында алқызыл гүлге бөленген, Орта Азияның ең әсем қалаларының бірі ретінде мойындалған, қала бақ. Алматылықтар өз қаласының әлемдегі ең сұлу қала екендігін мақтан етеді.

 

Әкімшілік-территориялды бөлінуі: Алмалы ауданы, Әуезов ауданы, Бостандық ауданы, Жетысу ауданы, Медеу ауданы, Түрксіб ауданы, Алатау ауданы.

 

Этникалық құрылымы: қазақтар (61%) және орыстар (23%), сонымен қатар жүзге жуық басқа ұлт өкілдері де тұрады: немістер, украиндер, ұйғұрлар, кәрістер және басқалары.
4,6(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ