Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.[
Сөздердің көп мағыналығы, полисемия - сөздің бірнеше мағынаға ие болуы. Сөздердің көп мағыналығы:
Заттардың ұқсастық негізі;
Заттардың шектестігі;
Бүтіннен бөлшекке немесе бөлшектен бүтінге ауысуы; болып үшке бөлінеді. Сөздердің көп мағыналығы омонимдермен ұқсас. Сөздердің көп мағыналығы сөздердің бастапқы мағыналарының ұқсастығынан туса, омонимде керісінше мұндай байланыстар жоқ.
Объяснение:
Бауыржан Момышұлы атамыз жақсы , еңбекқор ,батыл,адал, қамқор ,сөзінде тұратын, еліне қалаулы батырларымыздың бірі . Бауыржан Момышұлы атамыздың ақындық қасиеті бар . Оның өлеңдерінің мағынасы мол және адамды жақсы жолға салады. Бауыржан Момышұлы атамыз соғысқа да қатысқан. Мен Бауыржан Момышұлына ұқсасам деп армандаймын мен елімінің алдында танымал болу үшін емес , елімнің алдында борышымды өтесем және елім үшін қызмет жасағым келеді. Армандар орындалар өзің еңбек етіп арман мақсатыңа жетем деп ұмтылсаң. Сенің басыңа қандай іс түссе де ешқашан арытқа жүрме алдыға қадам басуың керек деген сөзді өзім орындасам сонда Бауыржан Момышұлына ұқсаймын!
Мектеп кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!