М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
СвятаяSaints
СвятаяSaints
28.07.2021 14:37 •  Қазақ тiлi

Перевести на казахский !

климат резко континентальный, крайне засушливый. средняя температура в январе −7 °c, в июле +27 °c (в отдельные дни максимальная температура превышает +40 °c). осадков выпадает около 100—150 мм в год.

👇
Ответ:
Barkinhoev06isl
Barkinhoev06isl
28.07.2021

Климаты күрт континентальды, өте құрғақ. Қаңтар айындағы орташа температура -7 °C, шілдеде +27 °C (жекелеген күндері ең жоғары температура +40 °C асады). Жауын-шашын жылына 100-150 мм.

Объяснение:

4,4(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Shkolnik228007
Shkolnik228007
28.07.2021

      Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия;

1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.

  Шоқан 1835 жылдың қараша айында Құсмұрын бекетінде

қазіргі Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жерінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол кезде Аманқарағай дуанының (орталығы Қараоба мекені) аға сұлтаны болған. Округ орталығы 1844 жылы Құсмұрын қамалына ауысқаннан кейін дуан аты Құсмұрын болып өзгертілді. Шоқанның өз атасы Уәли Орта жүздің ханы болған. Арғы атасы Қазақ Ордасының Ұлы ханы Абылай, Шоқан оның шөбересі. Шоқанның балалық шағы қыс кезінде Обаған бойындағы Күнтимес ордасында, жазда Есілдің оң саласы Аққанбұрлық алабындағы ата жайлауда өткен. Әжесі Айғаным тұратын Сырымбеттегі хан ордасында да балдәурен күндерін өткізген.«Жеті жұрттың тілін білуге тиісті» хан тұқымы болғандықтан, Күнтимес ордасындағы әкесі ашқан ауыл мектебінде хат таныған Шоқан сол мектепте ортағасырлық қыпшақ-шағатай тілін меңгереді, парсыша, арабша тіл сындырады.Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең- жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан       әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан. Ол жастайынан данагөй билердің әңгімелерін, акындардың өлең-жырларын зор ықыласпен тыңдап өсті. Оған тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан әжесі Айғанымның ықпалы күшті болды. Ол жас Шоқанға ежелгі қазақ аңыздарын, аңыз-әңгімелерін, мақал-мәтелдері мен даналық сөздерін жиі айтып отыратын. Шоқан 12 жасына дейін Құсмұрындағы мектепте оқып, мұсылман діні ілімімен танысты. Шоқан ауылдық бастауыш мектепте оқып жүріп-ақ араб, парсы, шағатай тілдерінің негізін үйреніп алды.

Объяснение:

4,4(42 оценок)
Ответ:
SaraTyan
SaraTyan
28.07.2021

Зар заман – тарихи кезең.

Көгінде қыран қалықтап, жерінде түйесі боздап, жылқысы құлындаған байтақ қазақ жері небір қан сасыған майдандарды өткерді. Ал қазақ елінің осынау қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға қол жеткізу үшін бейнетті, терді, талай бейкүнә өмірді артқа тастады. Ел тарихында осындай айрықша тарихи кезеңдердің бірегейі – "зар заман" кезеңі.

Зар заман ақындарының алғашқы легі Абылай заманынан басталса, арты Абайға келіп тіреледі. Сондықтан қазақтың тарихымен салыстырсақ зар заман дәуірі толық жүз жылға созылады. Ал зар заман ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет М.Әуезов енгізген термин. Сол кез ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. "Неліктен "зар заман"? Ол кездегі жағдай қандай болды?" деген сұрақтарға біз жауапты Шортанбай Қанайұлының бір ғана "Зар заман" өлеңінен-ақ ала аламыз.

Ақын өлеңін "бисмілла" деп бастап көргені мен түйгенін жырлап әкетеді.

Дұрысын білмейтін надандардың басшы бола бастағанын, ақша деген дүниенің шыққанын, байлардың ұрлық жасап, билердің парақор болғанын, бір-бірлерін көре алмай, орыстарға жем болатынымызды, егесетін, әдесіз қыз бен жігіт шыққанын, барлығының ойлағаны мал және бұрынғы заман қайта келмейтінін айтып күйінеді. Осыдан-ақ сол кезде расында ел ішінде үлкен өзгеріс пен жаңашылдық болып жатырғанын көреміз. Ш. Қанайұлының ойын жалғастыра көптеген ақындар да сол заманды өз өлеңдеріне арқау етті.

Әлбетте, қазіргі заман бұдан әлдеқайда тыныш, бейбіт. Бірақ сол кезеңнің қалдықтары да жоқ емес. Игі жақсыларымыз, ұлт жанашырлары саны ғана емес сапасы жақсы болса, әлеуметтік жағдай одан әрі жақсарары шүбәсіз.

Объяснение:

4,4(76 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ