М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
aisylu0706
aisylu0706
09.02.2021 03:44 •  Қазақ тiлi

"ахмет байтұрсынұлы және қазақ тіл білімінің терминдері" реферат, на завтра , буду

👇
Ответ:
yafifiya
yafifiya
09.02.2021

Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ терминологиясы.

Қазақ тіл білімінің, оның ішінде ғылыми терминологияның қалыптасуы мен дамуы туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылыми-педагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызме¬тімен, қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терми¬нологиясының тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.

А.Байтұрсынұлының ғылыми терминологияны қалыптастыруға қосқан үлесін ғалымның жекелеген немесе бір топ термин¬дердің ғана авторы емес, бірнеше ғылым саласының терминдер жүйесінің негізін қа¬лағанын аңғаруға болады.

Ең алдымен, А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің терминологиясын жасаушы. Кез келген ғылымды оқып білу, меңгеру немесе оны өзгелерге үйрету сол ғылым саласында қолданатын арнаулы ұғым атауларынсыз мүмкін емес. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы ғалым ретінде А.Байтұрсынұлы осы ғылым саласындағы негізгі ұғымдарды және олардың өзара байланысын анықтап, яғни қазақ тілінің табиғатын көрсететін ұғымдар жүйесін түзумен қатар, сол ғылыми ұғымдардың атауларын да жасаған.

Ғылыми ұғымдарға ат қою оп-оңай жұмыс емес. Ол үлкен талғампаздықты, тілді шебер пайдалана білуді қажет ететін шығармашылық үдеріс. Онымен қоса, арнаулы ұғымдарға ат қою кезінде ұғымдар жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет. Атаудың ықшам болуы, бірмағыналылығы және ұғым мазмұнын қамтуы тағы бар. Осындай талаптарды мүлтіксіз орындаудың қиындығы терминдерді ана тілінде жасаудан гөрі көп жағдайда оны ұғымдар жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған өзге тілдерден дайын қалпында ала салуға (яғни жасауға емес қабылдауға) мәжбүр ететін себептердің бірі.

Бұл тұрғыдан келгенде, ғалым қазақ тілін термин шығармашылығында пайдаланудың жарқын үлгісін көрсеткен.

А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралының» (қазақша әліппе) өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауысты дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дәйекші, жіңішкелік белгісі, хәріп (әріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914-1915 жылдары және одан кейінгі жылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл құрал» оқулықтарында (қазақ тілінің сарфы) әбден қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген және қолданыла беруге тиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқты жүздеген терминдердің кездесетіні белгілі. Бұл терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дәлелдеп жату артық, өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан уақыт сынынан өтіп, тұрақты қолданылатын дәрежеге жетті.

4,7(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
PeterSakh
PeterSakh
09.02.2021

ответ:Алитирация*-Менің бала күнімде,

Махамбетті жек көремін дегенің

-Мына жолмен өткен жұрттың аузвнан

Махамбеттіңжырын тыңдап жат енді

Мүмкін сонда ұғынарсың қатеңді.

-жанашырың жақыным ем

Және қайсарақының ем мен сенің

*Анафора*-әке деді ол кірген бойда

Әке дедіеркелеп

-ең бірінші надаңсың

Ел дәстүрін

Ер дәстүрін қорлаған

-ақындарын сұлтандан

Артық сыйлар кез келер

*метафора*-Бұдан асқан зор қасірет болар ма

Бұдан асқан зор қасірет болар ма

-менің бассыз қалғандығым

сенің бассыз қалғандығың болмағай

*эпитет*-Тек тұлпарлар алатын бас бәйгені

Есектерлің мойынында жүрмес деп.

-ақын деген киеліаққу самғаған

Ал ендеше аққуды атқан пендені

Қай атаңнан көріп едің оңбаған

Объяснение: тек осыны білемің

4,6(49 оценок)
Ответ:
romaroma6
romaroma6
09.02.2021

"Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді.."

Ұлтаралық қақтығыстар-ұлттардың тәуелсіздігінен,саяси билікке ұмтылулардан,жер таласынан немесе діни көзқарас пен кемсітулерден болуы мүмкін.Әлемде Түркиядағы күрд ұлтаралық қақтығыстарды және араб пен еврейлердің ұлтаралық қақтығыстарын айтуға болады.Енді өз еліміз Қазақстанға келсек,еліміз - көп ұлтты мемлекет.Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері еліміздегі өзге ұлттардың тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін жағдай жасалды.Ұлтаралық қақтығыстар болмау үшін барлық ұлт - бір тұтас болып,бір атаның балаларындай тату-тәтті өмір сүруі тиіс.Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді,егер Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері тұрып жатқан елінің тілін,мәдениетін сыйласа.Ұлтаралық қақтығыстар болмас еді егер ел ақсақалдары тентектерді жолға салып,тәртіпке шақырса.Әр ұлт өкілдері бір-бірімен тату болып,сыйласса.Елімізде кім тұрсада жер жетеді.Қазақстанның жері ұлан байтақ.Елімізде кен-байлықтарыда жеткілікті.Халқымыздың бейбітшілікте еңбек етулеріне жағдай жасалған.Ұлтаралық қақтығыстар елімізде мүлде болмасын.Бейбітшілік заманда еліміз тыныш,халқымыз аман болсын.

4,8(5 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ