ответ:Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/22340/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
Мұрат мұрасын зерттеген Бауыржан Омарұлы былай дейді: «Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» сияқты толғау-дастантарында қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қаймықпай қарсы тұрды». «Зар заман» дәуірі поэзиясының қатарында Мұратың «Үш қиян» «Сарыарқа» атты толғауларының орны ерекше. Аталған екі толғауда да ақынның ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша қорғаған жерін отарлаушылардың табанының астына таптатқысы келмеген жан күйзелісі көрініс тапқан. Үш қиян – Батыс Қазақстан өлкесі, Атырау аңғары, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз өзендерінің айналасы
Объяснение: