картинка 3
Астана туралы ата мен немере арасындағы диалог.
- Ата, сәлеметсіз бе!
- Сәлеметсің бе, құлыным!
- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?
- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.
Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.
- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?
- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?
- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.
- Көп рахмет сізге, ата!
- Оқасы жоқ, құлыншағым!
Мен отбасымды мактан етем
Отбасы - адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі - сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін - бірі сыйлап, бірін - бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасы бар адам өте бақытты жан.
Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым қасымда. Мен өз отбасымды үлгі тұтамын және мақтанамын. Менің асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Біз үлгі тұтарлық отбасымыз. Бұлай деуімнің себебі, біз әрдайым сыйластықпен және бауырмашылдықпен бірге қиындықты жеңеміз. Мен отбасымның осы қалпынан тоймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын!.
Объяснение:
Үйде үй тапсырмасын орындау үшін барлық күш-жігерді жұмыстың алғашқы минутына жинаймыз және көп ұзамай қажетті көңіл бөлінеді. Бірақ есіңізде болсын: егер сіз бір минутқа да бір нәрсеге алаңдатсаңыз, бәрін алдымен істеу керек. Назарыңызды және бір нәрсеге назар аудару қабілетін үйретуді үйрену керек.