М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
makcafonin
makcafonin
09.05.2021 11:31 •  Қазақ тiлi

Написать мини эссе на казахском,на тему "астана-мақтанышым"

👇
Ответ:
артур35
артур35
09.05.2021
Астана – ұлан   ғайыр  еліміздің   бас  қаласы,  әлем  таныған   жас   қала. 1996 жылы  Ақмола  қаласын  астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі  күмән  ойымен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым  күні  тәуелсіз  Қазақстан   жаңа  да  жас  қала –Астананың  атын бүкіл  әлемге  паш  етті. «Басы қатты   болса,  аяғы   тәтті»  деген  дана  сөз бар. Халқымыз  Қазақ  елінің  болашағы   үшін   барын  шаша  еңбек   етті. Астана  дамып, көркейе түсті.Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады. Гүлденген   Астанамыз   түрленген   жас  қаламыз – елдік   пен тұтастықтың   ғажайып   үлгісі.Ару  Астанамыздың  көрсе көз тартар –көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағытта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.Ару Астанамызда орналсқан әсем ғимараттың бірі –Пирамидаға  тоқталсақ оның ішінде былай қойғанда сыртының  өзі ерекше  бір әлем,  онымен қоса бас  қаладағы  ең  ғажайып,  әсем мұнара - Бәйтерек. Тіршілік  иелеріне  тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды  білдіретін  алып   мұнара  еліміздің   символына  айналған.  Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ жері көп екенін бәрімізге аян. Астанадай  ғаламат    қала   Қазақ   жерінің   мәңгілік    жерұйығына   айналды. Астана өзге елдермен  терезесі тең келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды.Астана бүгін де ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көркейіп, гүлденуде.Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жетікізген жетістігің молайып, жайнай берсін.
4,8(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
рома1341
рома1341
09.05.2021

Ақшақар.

Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.

Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.

Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.

Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.  

4,6(97 оценок)
Ответ:
kristinanester1997
kristinanester1997
09.05.2021
Жиренше шешен (XV ғ.) – қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмар шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз–Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шғармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. 
Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-моңғол, үнді-еуропа халықтарының біразының фольклорында да ол туралы әңгіме бар. Қазақ фольклорында бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) фольклорына ауысқаны байқалады.
Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ фольклорында шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілер де бар. 
Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны – оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі - Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі – Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл-парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі – Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арасында Жиренше есімі ұмыт болмай, ғасырдан ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.
4,7(75 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ