Заполните диалог, тема "сауда жасаймын" :
- сен сауда жасай аласың ба?
- жоқ,
- неге? мен сауда жасай аламын. сенің ойыңша, "сауда жасау" - деген не ?
- а, солай ма! мен сенің пікіріңе қосыла алмаймың. менің ойымша,
- иә, сенің де пікірің дұрыс. бірақ сауда жасай білу де - өнер. мәселен, сен саудаласа аласың ба?
- иә, базарда саудаласуға болады. бірақ дүкендерде баға .
- иә. дегенмен кейбір жекеменшік дүкендерде саудаласып, бағаны төмендетуге болады
- мен саған мекенжайын берейін. өзім сол дүкенге жиі барамын. тауарларының сапасы жақсы.
- сен ақшаны үнемдеп ұстайсың ба?
- өкініштісі -
- рақмет! онда
- жарайды, келістік.
- .
заранее
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.