А жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, а ң шаруашылыққа байланысты күн көрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген кеудемсоқтық теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті. "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Мәдениетті кейде шартты түрде материалдық және рухани деп екіге бөледі. Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын дүниелерді материалдық мәдениет үлгілері дейміз. Ал қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, тек санамен, түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістіктерін біз рухани мәдениет дейміз. Рухани және материалдық мәдениет үлгілерінің арасында тұйық шек жоқ. Кейде материалдық мәдениет үлгілері руханияттың үлгісі болып табылады. Мысалы, сәулет өнері ескерткіші, былай қарағанда, материалдық мәдениет, ал сол сәулет өнерінен халықтың немесе сәулетшінің дүниетанымы, мәдени дәстүрі көрінеді. Оның үстіне, сәулет өнері ескерткішінен көрермен рухани ләззат алады. Бұл жағынан қарағанда сәулет өнері ескерткіші рухани мәдениет үлгісіне де жатады. Кітапты да солай түсінуге болады: әрі материалдық дүние әрі рухани құндылық. Көшпелілердің рухани мәдениетінің өз даму ерекшеліктері бар. Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: "Көшпелілер өз бетінше мәдени құндылықтар жасауға қабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өгей мәдениет болып қала береді", – дейді. Бұл – мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-қарекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз.
Объяснение:
Объяснение:
«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатынына сенемін. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қозғалысы жасап спортпен шұғылдану, таза ауада жиі серуендеу жатады. Мен өзімнің денсаулығыма осы бастан қараймын. Күніге таңертең орнымнан тұрып жүгіремін, күрес үйірмесіне қатысамын. Спортпен шұғылдану әрбір адамның өзіне керек екенін басқа да достарым білсе деймін. Мен айта алмаған сөздерімді мына өлең жолдарымен жеткізуге тырысамын.
Денің сауда жетерсің арманыңа,
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.
Дені сауда көрерсің бұл дүниенің,
Бар қызығын рахатын,жорығын да!
21 ғасыр бәсеке заманы. Зиянды заттарды, денсаулығымызға пайдасы жоқ тағамдарды пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Денсаулықты сақтау - әрбіріміздің қолымызда екенін ұмытпайық!
Ауыл тұрғындары көбінесе мал ұстаумен және картоп егумен айналысады.Ет,сүт,май,сүзбе,қаймақ,картоп, қымыз сияқты өнімдер қолдан жасалынады.Қымыздың литрі 80-100теңге тұрады, немесе оны киімге,қызанаққа,қиярға,алмаға айырбастайды.Тәулігіне 100 литр қымыз жасалынады.
Ауылда 1991 жылдан 2006 жылға (15жыл) дейін электр тоғы болмады.Мүлдем.Кейін өкіметте ақша пайда болған соң ғана ,олар тоқ тартып ,ауылға тоқ таратты.Ауыл адамдары өте қуанышты болды,енді олар теледидар көріп, радио тыңдай алады.