Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан денсаулықты қолымыздан келгенше сақтап, шымыр болуға тырысу керек. Жалпы мен өз басым денсаулықты сақтау үшін не істеймін? деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,-
деп ұлтымыздан шыққан ұлы Абай атамыз айтпқшы,шынында да ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Ұстаз! Ұстаз – деген ұлы тұлға. Оның ұлылығы мінез-құлқында, адаммен қарым-қатынасында, баланың балалығын қабылдай білетін жылы жымиысында, әрбір іс-әрекітінде жатқан жоқ па?
Ұстаз – біздің екінші анамыз. Анамыз бізге өмір сыйлап, өмір-өзен ағысында батыл қадам басып кетуімізді арман етсе, ұстазымыздың арманы да осы емес пе? Жылдың 364 күнінің 270 күнін ұстаздарымыздың жанында өткіземіз. Олардың тәлім мен тәрбиесіне қанығамыз, «ғылым» атты асау тұлпарды жүгендеуді де осы ұстазымыздан үйреніп-білеміз. Қөзімізді тырнап ашып, алтын ұя-мектебімізге шауып келгенде, бірінші көретініміз де осы – ұстазымыз. Әсіресе, ұстардың ішінде сынып анасының, яғни сынып жетекшісінің еңбегі елеулі. Сынып жетекші ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының танометрі іспетті. Әр оқушының мінез-құлқын жетік меңгерген, әр ата-ананың тілін тап баспай табатын ұлы тұлға. Қазақ тарихында мәңгі ізін қалдырған ұлт зиялыларын «ұлы тұлға» демейміз бе? Ол ұлыларымыз да ұстаз алдын көрген ғой. Оларға ұлылық, әрине, ұстаздарынан дарыған. Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы, аналардың анасы. Саналы оқушылық өмірімде сан ұстаздың алдын көрдім. Олардың әрқайсысынан өз бойыма ізгілікті сіңіре білдім. Сондықтан ұстаздарымды бір-бірінен бөліп-жару, анау-андай, мынау-мындай еді деуге қақым жоқ. Айтпаймын да. Дегенмен, сынып жетекші деген ыстық екен. Сынып жетекшің жанында болса өзіңді қамқоршың, қорғаның бардай сезінесің. Байқаусызда әлдекімнен ескерту алып, оны сынып жетекшің біліп қалса, өзімді қоярға жер таппаймын. «Әттегең ау, мына кісіні орынсыз ренжіттім бе? - деп қысыламын. Ол сынып жетекшім - Данагүл Тілеукенқызы деген шәкірттік махаббатым шығар. Данагүл Тілеукенқызы қашан көрсең, сыныбы үшін құрақ ұшып, жүгіріп жүреді. Сынып жетекшіміз бізге «мынау бала ғой» деп қарамайды, керісінше «сендер бала емессіңдер, азаматсыңдар, сендер Отан алдында, отбасы алдында, тіпті бір-бірлерінің алдында тәрбиелі, білімді болуға борыштарсыңдар» дейді. Және де ол кісі біз шүлдірлеп орысша сөйлесіп тұрсақ, әжептәуір өкпелеп, өз ана тілдеріңді өздерің қадірлемесеңдер, өзге ұлт өкілдеріне қай бетімізді айтамыз?» - дейді. Және де:
Алыстан алаш десе, аттанамын,
Қазақты қазақ десе, мақтанамыз.
Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ
Мен неге қазақтықтан сақтанамын,-деген өлең жолдрымен шегелеп сөзін тоқтатқанда , қәдімгідей өз тілімізді өзіміз шұбарлағанға ұялып қаламыз.
Менің ұстазымнан үйренгенім де , үйренетінім де көп. Шәкірттік өмірде осындай ұстаздың алдын көргенім үшін қуанамын.