9-тапсырма.
- Сәлем,___! (досыңның есімі/имя твоего друга)
- Сәлем,___! (сенің есімің/твоё имя)
- Сен қай сыныпта оқисың?
- Мен __ сыныпта оқимын. (в каком классе вы учитесь?)
- Ал сенің болашақта кім болғың келеді?
- Мен болғым келеді. (кем твой друг хочет стать в будущем?)
- Сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Себебі бұл мамандық маған қызық.
- Түсінікті. Еліміздің ертеңі кімдердің қолында деп ойлайсың?
- Әрине, жастардың қолында.
- Ал осы еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ қандай болуы керек?
- Білімпаз, отансүйгіш, еңбекқор болуы керек.
- Жақсы. Өзіңнің алға қойған мақсатыңа қандай?
- Болашақта жақсы маман иесі атанып, ата-ана алдындағы борышымды өтеу, елім үшін еңбектену.
Мен ағамды жақсы көремін.
Сен ағаңды жақсы көресің.
Ол ағасын жақсы көреді.
Мен қарындасымды жақсы көремін.
Сен қарындасыңды жақсы көресің.
Ол қарындасын жақсы көреді.