овьктаөаоцзаоңтешлалстк втелщещплктаьстплеща ма ерекшеліктер птазкзкздктнт қазақстан республикасындағы ұлттық филиалы офис біз жайлы құқықтық ақпарат орталығының директоры қали және орта бизнес азаматтық бюджет бюджет саясаты батыс қазақстан облысы бюджетінің орындалуы туралы ақпарат облыстық бюджет азаматтық бюджет аймақтық бағдарлама сіз үшін дедіңіз бе едік мұрағаттар мен құжаттама анықтамалық мәлімет сенім телефондары телефон кодтары телефон анықтамалығы жаңалықтар мұрағаты наурыз ақпан наурыз мамыр
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Неліктен адамдар мамандықтары бойынша жұмыс істемейді?»
«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек» деп жатады үлкен кісілер. Бірі жар таңдау болса, екіншісі мамандық таңдау. Яғни, таңдаған мамандығымыз біздің өмірлік нанымыз екенін есте ұстаған жөн.
Ғаламтор бетінде жарияланған мәліметтерге сүйенсек, елімізде екі миллионнан астам жастар өз мамандықтары бойынша жұмыс істемейді екен, басқа сөзбен айтқанда дипломдары бар, бірақ жұмыстары жоқ. Бұл қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Бұның себебі неде деп ойлайсыздар?
Менің ойымша, бұл мамандықта дұрыс таңдамау салдарынан орын алады. Себебі, қазіргі жастар заманауи мамандық таңдауға көп көңіл бөліп, ал жұмыс істеуге келгенде оны игере алмай жатады. Яғни, әрбір мектеп бітіруші түлек мамандық таңдар алдында өз – өзіне "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?" деген сұрақтар қойып, ойланғаны дұрыс. Сонымен қатар, әр жоғары оқу оырндары арнайы жас түлектер үшін ашық есік күндерін өткізеді. Сол жерде кәсіби бағыт – бағдар беретін мамандырмен тілдесіп, кеңес алған дұрыс деп есептеймін. Сонда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар қатары азаяды деп ойлаймын.