6. ПарламентҚазақстан Парламенті нешінші жылдан жоғарғы өкілетті орган болып табылады?
а) 1991
ә) 1992
б) 1993
в) 1995
ответ: в) 1995
7. Жалпы есім дегеніміз не?
а) Біреуге бағытталып айтылған сөз
ә) Заттың жалпы аты
б) Заттың өз аты
в) Заттың сынын білдіреді
ответ: ә) Заттың жалпы аты
8. Болжалды келер шақты тап
а) Мен жақсартамын
ә) Сен жақсарт
б) Сіз жақсартар едіңіз
в) Ол жақсартып жатыр
ответ: б) Сіз жақсартар едіңіз
9. Тіркескен сөзді тап
а) көгершін
ә) жоқ
б) балабақша
в) көк аспан
ответ: : в) көк аспан
10.Парламент құрылымы неше Палаталы?
а)2
ә)3
б)4
в)5
ответ: а)2
6. ПарламентҚазақстан Парламенті нешінші жылдан жоғарғы өкілетті орган болып табылады?
а) 1991
ә) 1992
б) 1993
в) 1995
ответ: в) 1995
7. Жалпы есім дегеніміз не?
а) Біреуге бағытталып айтылған сөз
ә) Заттың жалпы аты
б) Заттың өз аты
в) Заттың сынын білдіреді
ответ: ә) Заттың жалпы аты
8. Болжалды келер шақты тап
а) Мен жақсартамын
ә) Сен жақсарт
б) Сіз жақсартар едіңіз
в) Ол жақсартып жатыр
ответ: б) Сіз жақсартар едіңіз
9. Тіркескен сөзді тап
а) көгершін
ә) жоқ
б) балабақша
в) көк аспан
ответ: : в) көк аспан
10.Парламент құрылымы неше Палаталы?
а)2
ә)3
б)4
в)5
ответ: а)2
ХХ ғасыр – қауырт қоғамдық құбылыстар мен метаморфозалар ғасыры. Тарихи ұлттық сана түлеп, жаңғырықты. Алаш тұлғаларының қоғамдық сананы біржолата жаңа белеске көтеріп кетуі әдебиеттің түбегейлі мүдделерін айқындап бергендей еді. Жаңа қаламгерлер, жаңа қоғам, ел қайраткерлері шықты. Саяси күрестің маңызы артты.
Сонымен бірге, қоғамдық қарым-қатынастардың жеделдеуі, баспагерлік істің қанат жаюы, әдебиеттегі әртүрлі көркемдік-жанрлық терең түлеулер эстетикалық танымның жаңашылдығына бастады. Осы тұста кәсіби әдебиетке тән басты жанрлардың бәрі де әртүрлі деңгейде көрінді. Әдеби сын да, әдебиеттану, прозаның кесек жанрлары, аударма, драматургия тосын жаңалық болуымен бірге жедел даму үрдісін танытты.
Алаштың ардақты ардагерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар қазақтың бас ақынының мұрасы жөніндегі терең танымдық шығармаларын жариялатты. ХІХ ғасырдың соңында қазақ әдебиетінің бұрын-соңды болмаған асқар билігіне көтерілген Абай дәстүрі, реалистік көркемдік таным дүниесі осыдан кейінгі ұлттық сөз өнерінің мұратын, мақсатын, бітім-пішінін біржолата айқындап, бекітіп кетті. Абайдың соңғы әдебиеті реалистік сипатын тапты, жаңа бағытта өріс кеңейтті. ХХ ғасырдың алғашқы он – жиырма жылындағы қазақ әдебиетінде Шәкәрім Құдайбердиев, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов шығармалары жоталанып көзге түседі. Міржақыповтың «Оян, қазақ!» кітабы «Қалың елім, қазағым» деп тебіренген, іші қанжылай еміренген Абайдың өзекжардымұңының жалғасы сынды, ұлт жігерін одан әрі қарай қайрау іспетті шықты. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Бернияз Күлеев, Спандияр Көбеев сынды тұлғалы таланттардың ақындық шабытты шаттары мен қоғамдық қайраткерлерінің белсенді күндері осы кезеңге тұспа-тұс келді.