М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
lerka22222222222222
lerka22222222222222
22.01.2022 14:23 •  Қазақ тiлi

Надо эссе на тему астана мәдениет пен өнер ордасы

👇
Ответ:
kostrigina2001
kostrigina2001
22.01.2022

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген  көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,  

Тәңірден берілген нұр, ақыл.  

Астана қазақты ғаламға,  

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп  

Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

4,5(19 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
sofialesiuk
sofialesiuk
22.01.2022

Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары

Конспект

Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.

Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.

4,6(2 оценок)
Ответ:
Mockov
Mockov
22.01.2022

Наурыз көже - Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол - тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

Құрамы: 1 келі ет

Қазы, қарта

100 грамм бидай

100 грамм күріш

100 грамм жарма (перловка)

100 грамм тары

Тұз

3 литр су

1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып,. 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.

4,4(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ