Антоним (гр. antі — қарсы,onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер.Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұпқұрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап,стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.[2]
6. Баянауылда "Найзатас" деп аталатын таңғажайып тегіс жартас бар. Олай аталуының себебі: күн, жел және судың әсерінен кедір-бұдыр тас үйіндісі жып-жылтыр болып, әрі тегістеліп, бөлке нанның формасына ұқсап кеткен. 7. Драверт үңгірі. Жасыбай көлінің оңтүстік-шығыс жағалауында үңгірлердің бірінен П.Л.Драверт жартасқа жосамен (охра) жасалған суреттерді тауып, алғаш рет сипаттама берген. 8. Жасыбай көлі. Көлемі жағынан екінші көл - Жасыбай. Әсемдігі таң қалдырар бұл көл тұнық, әрі таңғажайып жұмсақ суымен толтырылған. 9. Сабындыкөл көлі. Ең ірі көл - Сабындыкөл көлі. Бұл атау оның ерекше жұмсақ суына қарай қойылған. Аңыз бойынша бұл көлде Баян сұлу әсем шашын жуған, әрі осы көлге өз сабынын түсіріп алған екен. 10. Баянауыл қорығы. Маңайдағы тоғайларда таңқурай, итмұрын, қарақат, бүлдірген, доланалар қаулап өседі. Қырыққұлақ (папоротник) және арша (можжевельник) тоғайында, сондай-ақ шыршалы, әрі қайыңды тоғайларда шамамен 50 шақты құстың және 40 шақты аңдардың түрлері мекендейді. Баянауыл тауларының айтарлықтай мақтанышы - сирек кездесетін, жойылып бара жатқан, әрі қорғауды қажет ететін аң ретінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген арқар.
Егерде адам ғылымға ұмтылмаса,ғалым болуға көтерілмесе ол адамды дүниедепте
Мал депте айтуға болады