Иә, сонау заманнан беріге жеткен бұл сөздің мағынасын бәріміз білгенмен, құрамындағы сандарға баса назар аудармайтынымыз жалған емес. Сөзді оқып "алты адам сөзге келсе – істің қайыры болмайды, ал, төрт адам біріксе – тасы жеті қат жер астында жатқан қамалды да алады" деп ұғынуымызға болады. Дегенмен, аталы сөздің астарына үңіліп, нақты не түсіндіргісі келгенін білуіміз шарт. Алты саны – біз үшін Алаш сөзімен үндес. "Алаш" қалың қол, мыңды білдіреді. Яғни, көпті, жүз үй адамын, бүтіндей бір қазақты меңзейді. Демек, бұл сөзде "алты саны" санның, мөлшердің емес, сөздің мәнін түсіндірді. Енді, "төрт" санына назар аударсақ, бұнда – тек бір үй мүшелерін айтқысы келген. Мысалы, бір шаңырақта төрт адам болса – атасы, енесі, келіні, отағасы, баласы. Міне, бұл – бір шаңырақ астындағы төртеу дегенді білдіреді. Төртеу – бір үйден асып әріге бармайды. Алтау – ол көп. Мың болуы мүмкін, он мың болуы мүмкін. Алтаудың түгелі – Алаштың тыныштығы, берекесі, ынтымағы. Ал, төртеудің түгелі – шаңырақтың берігін білдіреді.
Объяснение:
1-тапсырма
4. дұрыс
5. дұрыс
2- тапсырма
Қазақ халқы - қонақжай халық .
Отан отбасынан басталады.
Отбасылық рухани құндылықтар.
Орыс халқында есім беру
3-тапсырма
3.Сүйікті пәндерім
- Сәлем, Арман !
- Сәлем, Әсел !
-Сенің сүйікті пәнін қандай?
- Менің сүйікті пәнім шетел тілі, ал сенің?
- Менікі көркем еңбек. Саған неліктен шетел тілі пәні ұнайды?
- Себебі маған шетел тіліндегі мульфильмдер мен кинофильмдер ұнайды және мен болашақта шет елдерде білім алғым келеді. Бұл менің мақсатым!
-Түсінікті, мен саған сәттілік тілеймін!
- Рахмет, Әсел. Ал саған неліктен көркем еңбек пәні ұнайды?
- Мен үшін бұл пән ерекше. Маған қол өнер қатты ұнайды және мен болашақта дизайнер болғым келеді!
-Өте керемет! Менде саған сәттілік тілеймін!
- Рахмет Арман. Ендеше екеуміз де арман - мақсаттарымызға жетіп, үлкен биіктерден көрінейік!
- Әрине, біз бұл мақсаттарға міндетті түрде жетеміз !
-
Елге құрмет - жерге құрмет.
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем... деп Фариза Оңғарсынова апамыз жырлағандай менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен Жерұйығым – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын.
Мен өз Отанымды сүйемін және мақтан тұтамын!