Спорт – денсаулық кепілі екені баршамызға аян. Ал Олимпиада ойындары бейбітшілік елшісі атанып кеткен. Себебі Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Ал өзге елдердің спортшылары бір – бірімен күш сынасып, кімнің мықты екенін анықтайтын дүбірлі дода.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Олимпиада ойындары ежелге Грекиядан бастау алып, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылған болатын. Дүниежүзілік соғыс уақытында ойындар тоқтатылған болатын.
Кезекті Олимпиада ойындары өткізілетін қала, ойындарға 7 жыл қалғанда арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталады. Олимпиада өткізілетін қала ресми мәлімдемесін тапсырған бірнеше қала кандидаттарының ішінен таңдалады. Таңдау кандидат елдерінің өкілдері мен ХОК президенінен басқа барлық ХОК мүшелерінің құпия дауыс беруі арқылы өтеді.
Ереже бойынша соңғы дауыс беру рәсіміне кандидаттар тізімі арасында бес қаладан артық болмауы тиіс, бұл тізім бір жыл бұрын ХОК мүшелерінің алдын ала дауыс беру нәтижесінде анықталады. Жеңімпаз кандидат дауыстардың жарытысынан артық жинау керек. Егер жеңімпаз алғашқы айналымда анықталмаса, онда екінші және кейінгі айналымдар өткізіледі.
Ең көп Олимпиада ойындарын өткізген ел - АҚШ — 8 рет, Франция 5 рет, Ұлыбритания 3 рет, Германия 3 рет, Жапония, Италия, Канада 3 рет. Олимпиада ойындары барлығы 21 елде өткізілген. Жазғы ойындар 18 елде, ал қысқы 11 елде өткізілген.
Салауатты өмір салтын ұстанып, еліміздің туын асқақтатын үздік спортшылармыз көп болсын дегім келеді.
Мен кітап оқығанды жақсы көремін, өйткені олардан көп нәрсені білесің. Менің сүйікті кітабым жоқ, себебі маған әр-бір оқыған кітабым ұнады. Бірақ мен сіздерге бәріненде жақсы есімде қалған кітаптарым туралы айтып беремін. Олар Шарлотта Бронтенің "Джен Эйр" романы және Ирвинг Стоунның "Муки и радости" кітабы. Бірінші кітапта Джен Эйр атты қыздың қатал тағдыры баяндалған. Бұл кітапқа ұзақ тоқталмай-ақ қояйык, бірақ кітап шынымен де жақсы. Екінші кітапта атақты суретші және мүсінші Микеланджело Буанороттидің өмірі суреттеледі. Осыдан түсінгенім барлық атақты адамдардың өмірі өте қиын, ал олардың талантын қайтыс болғансын ғана мойындайды. Бұл өте өкінішті. осымен болды
Шет елден Ерланға досы Михаил келді. Ернар: Сәлем, Михаил! Халің қалай? Михаил: Сәлем, Ернар! Халім жақсы. Өзің қалайсың? Ернар: Менің де халім жақсы. Жүр, үйге кір. Апам тамақ әзірлеп қойды. Сенің қарның ашқан шығар? Михаил: Иә, менің қарным ашты. Апаңның дайындаған тағамдары өзгеше екен, маған бұл тағамдар туралы айтып берші. Ернар: Жарайды, айтайын. Мынау - бешбармақ. Ол қазақтың ең басты тағамы. Оны сыйлы қонақ келген кезде жасайды. Бешбармақтың негізгі құрамы еттен тұрады. Ал мынау- бауырсақ. Ол ұннан жасалады. Ол өте демді. Қазақтың ең керемет тағамдарының бірі ол- қазы. Оны жылқының етінен жасайды. Қазыны басқа малдың етінен жасауға болмайды. Ал сусынға келетін болсақ, біздің дастарқанымызда шұбат және қымыз тұр. Шұбат - нардан, ал қымыз - биеден алынады. Олар сенің шөліңді тез қандырады, ішіп көр. Михаил: Иә, қазақ асханасында осыншама дәмді тағамдар бар деп ойламаппын. Өте керемет. Анаңа рахмет. Өте дәмді болыпты. Қазақ дастарханы әрқашан жайнап әртүрлі тағамдарға толы болып тұрады екен. Келгеніме түк өкінбедім. Рахмет, Ернар. Сау бол. Ернар: Сау бол, Михаил.
Олимпиада – бейбітшілік елшісі.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
А) Олимпиада ойындарының қысқаша тарихы.
Ә) Олимпиада ойындарын өткізетін қаланы таңдау.
Қорытынды.