- Сәлем, Катюша. Неге сен бүгін мектепте болмадың?
- Сәлем, Таня. Мен бүгін орыс тілі олимпиадасында болдым.
- Міне керек болса! Қалай, сәтті?
- Өкінішке қарай, әлі нәтижесін білмеймін. Бірақ мен қатты уайымдадым, өйткені мен мектептің намысын білдірдім.
- Не переживай, сен өте ақылды.
- Рахмет. Ал сабақта не болды? Мүмкін мен маңызды нәрсені сағындым ба?
- Химияда жаңа тақырыпты талқыладық. Бірақ әдебиет пен биологияда өткен материал қайталанды.
- Принесешь маған өз конспектісі бойынша химия?
- Иә, әрине.
- Рахмет. Маған баратын кез келді.
- Сәттілік. Олимпиаданың нәтижелерін біліп алғаннан кейін-бірден хабарла. Мен сен үшін қатты уайымдаймын.
- Міндетті түрде!
70 жыл жүрегіме жара салған,
Тілім мен дінімді алған дүние жалған.
Тәуелсіздік аңсаған бабаларым,
Қасіретті күндерді басы шалған.
Анамның ақ сүтімен келген білім,
Босағада боздап-ай жылап тұрған.
Дінім мен иманым да сол күндерде,
Христостың аяғында болған құрбан.
Жетім бала сатылып көрші елге,
Қазақтың сәбилері көп жылаған.
Қарттар үйі көбейіп, ана жылап,
Туған жердің тағдыры күлкі болған.
Әсіресе, айырылып бостандықтан,
Қазақ елі қайырылды қанатынан.
Өктемдігі ресейдің жан шошырлық,
Ата-баба ақ жолы ұмыт болған.
Колбин деген бәлесін сайламақ боп,
Елбасына сол күні қатер төнген.
Дінмұхаммед атаның еңбегіне,
Көз алартып кеңестен, қайғы енген.
Сен үшін қанша адам болған құрбан,
Сен үшін жылады екен қанша ана?
Қанша адам қырылып қанға бөккен.
Желтоқсанның ызғары зарлы екен.
Қайрат, Ләззат, Сәбираға баға жетпес,
Асылдар алып берген тәуелсіздік.
Сен үшін менің мынау жаным құрбан,
Тәуелсіз ел – Отаным құдай берген.
Назарбаев ағамды жақсы көрем,
Көрегендік, жақсылық ойлап жүрер.
Ең алғаш егемендік ту ұстаған,
Мәңгілік жүректерде нұр боп енер.
Қазақ елі дамыды күндер санап,
Әрбір таңын егемендік жырға балап.
Қара жерге табынып өсе бердік,
Көк туымыз қолымызда әнді жалғап.
Әртүрлі салалар бар өркен жайған,
Білімді, мәдениетті дамытты адам.
Жасампаз миллион жұрты қазағымның,
Жарқылдады үміті көрік шашқан.
Табынып Бекет ата тұрағына,
Үш жүз алпыс әулиеге тәуеп еттім.
Тәуелсіздік қыраны самғады ғой,
Мен бақытты екенмін дәл осы күн!
Қазақта «ас атасы – нан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ а өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге көрінбейді. Нанның қасиеттілігінің өзі осыдан-ақ көрінеді. Ұнның құрамындағы адамның бойына нәр беретін, куат беретін ағзаға қажеттінің бәрі бар. Өзге халықты қайдам, қазақтың нансыз күні жоқ деуге болады. Қазақта «қатықсыз қара су ішіп, қара нан жесек те, амандық болсын» деген де сөз бар ғой… «Нанды жерге тастама», «нанның үстіне зат қойма», «нанды төңкерме», «нанды бір қолмен үзбе» деген сөздің барлығы – сол нанның қасиетіне орай айтылған тыйымдар. Тіпті адам ашыққан кезде қолы жетпейтін биікте тұрған нанды Құранның үстіне шығып алуға болады екен, бірақ нанның өзін ешқашан баспаған. Нанның қасиетті Құраннан да жоғары бағаланатынын осыдан-ақ білуге болады. «Адам атамыз бен Хауа анамыз пейіштен қуылған кезде ит бірге ілесіп кетіп, сонда бидай иттің ұртында келген дейді. Итті «жеті қазынаның бірі» дейтін себебіміз адамзат сол иттің ырыздығын жеп жүр» деген бұрыннан келе жатқан аңыз бар. Бір таңданарлығы, жер бетінде басқа дақылдардың, жемістердің барлығының жабайы түрі бар. Айталық, алманың, жуаның, сұлының дегендей, барлығының жабайы түрі табиғатта кездеседі, бірақ бидайдың жабайы түрі жоқ. Сол себептен де, қазіргі тілмен айтсақ, бидайдың ғарыштан келгеніне иланасың. Шынымен, осы қисынға, «бұл жердің дәні емес, бізге бейнебір ғарыштан жеткен» дегенге біртүрлі сенгің келеді. Үйге келген кез келген адам асығыс болса да, өзге тамақтан емес, наннан ауыз тиіп шығады. Адамдардың арасындағы ынтымақ бірлік, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, ауызбіршілік дастарқанның үстіне қойылған нан арқылы нығая түседі, яғни өзі нан ауыз тиген үйіне қазақ жамандық тілемеген. Нанын берген адамға жамандық ойламаған. Қазақтың «бір күн дәм татқан жерге қырық күн сәлем» дейтін сөзі осыдан келіп шыққан.