Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Мен батырмын
Сен батырсың
Сіз батырсыз
Ол батыр
Біз батырмыз
Сендер батырсыңдар
Сіздер батырсыздар
Олар батырлар
Менің ағам
Сенің ағаң
Сіздің ағаңыз
Оның ағасы
Біздің ағамыз
Сендердің ағаларың
Сіздердің ағаларыңыз
Олардың ағалары