Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Адамзат өмірге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Яғни адам саналы да жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей
Бірінші байлық – денсаулық
Екінші байлық – ақ жаулық
Үшінші байлық – он саулықдемекші, ең алдымен саналы да жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет. Ал сол денсаулықты сақтау – өз қолымызда, яғни өз еншімізде. Қазіргі таңда аурулардың түрі көбейіп барады. “Тірі адам түбінде бір ауырмай тұрмайды” деп данышпан Баласағұнидің айтқан сөзі рас сияқты. Өйткені, әрбір адам басында өзіне белгілі бір аурулары бар. Бірақ біз сол аурулардың шарықтауына жол бермей оған төтеп беруіміз қажет. Яғни “Ауруын жасырған өледі” (Ә.Науаий) деген сөзге қарсы адам өз бойындағы ауруы бойынша дәрігерлерден кеңес алып, білгендерден сұрап отыруы қажет. Ең алдымен сәбилердің дұрыс жетіп қалыптасуына қарсы дисплазия деген аурулар бар. Ол аурумен сәби күресе алмайды, ал онымен күресетін ата-анасы. Бұл ауру дәрігерлердің айтуынша, әсіресе соңғы кездері балалар арасында кеңірек тарап бара жатқан дисплазия ауруының пайда болуына бірнеше себептер негіз. Олардың біріншісін экологиялық жағдайлармен байланыстырсақ, екінші себебі ағзадағы йод темір, сондай-ақ кальцийдің тапшылығына тікелей қатысты. Мұның ақыры мүгедектікке әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан баланың сауығып кетуіне де өзіміз жәрдемші болуымыз керек. Ауруға қарсы сылап-уқалау сәбидің екі аяғын тізесінен кісен секілді темірмен керіп қою керек.