Берілген сұрақтарға жауап:
1. Саған отбасында кім көп көңіл бөледі?
Біздің отбасымызда менің анам маған көп көңіл бөледі және «қыз бала анаға жақын» болғандықтан, анам екеуміз жиі сырласып тұрамыз.
2. Ата - анаң саған қандай жылы сөздер айтады?
Ата - анам мені "құлыным", "жаным", "ботақаным", "қошақаным", "алтыным" деп еркелетеді.
3. Сен ата - анаңа көңіл аударасың ба?
Әрине, мен ата - анама көңіл аударамын және ата – анам жұмыстан бос уақытының бәрін отбасына арнайды. Уақытты бірге өткізгенді ұнатамыз.
4. Анаң саған қатты ашуланса, кешіре аласың ба?
Анам маған ренжіген уақытта қатты ашуланғанмен, ашуы ұзаққа созылмайды. Әдетте ашуынан тез қайтып, қателік жіберсе, кешірім сұрай да алады. Ал мен болсам, анама ренжімеймін.
5. Отбасыңда бір - бірлеріңді кешіре білесіңдер ме?
Ия, біздің отбасымызда ата – анамыз әрдайым бір - бірімізге түсінушілікпен қарап, кешірімді болуға үйретіп отырады.
6. Отбасында болған қиындыққа шыдамдылық білдіре аласың ба?
Кей кездері оңайға соқпағанымен, шыдамдылық танытуға тырысамын. Ата – анамыз қиындыққа мойымауға үйретіп отырады.
7. Неге бақыт тек қиындықпен келеді?
Менің ойымша, «қолда бардың қадірі жоқ» демекші, тек қиындықпен келген бақытты ғана бағалай білетін болғандықтан деп ойлаймын.
1. мен ауылга өткен аптада келдім. 2. сен кеше осы уақытта кітапханада болдың. 3. олар кешкі астан соң теледидар көрді. 4. гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
осы шақ
1. анам мен апам қонақ күтуге дайындалып жатыр. 2. алмас өз бөлмесінде сабақ оқып отыр. 3. далада
нөсер жаңбыр жауып тұр. 4. мен емтихан жауабы қалай шығатынын уайымдап жүрмін.
келер шақ
1. досым екеуміз кітапханага ертең барамыз. 2. ауылға жол түссе келесі аптада бармақпыз. 3. кітапты бугін-ертеңдер бітірмекпін. 4. шығарманың қорытындысын ертең айтады.