М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Лалочка454545
Лалочка454545
22.05.2023 21:52 •  Қазақ тiлi

Сделать казахский язык. тапсырма 4

👇
Ответ:
миша1128
миша1128
22.05.2023

Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

Ойынға, құр қаларсың, көңiл берме.Жасынан оқу оқып, өнер қуған.

Жан жетпес көңiлi жүйрiк кемеңгерге.

4,4(81 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
valera5515
valera5515
22.05.2023

Тоқтар Әубәкіров әлемнің 256-шы ғарышкері. Ол қаһарман атанып, қазақ халқының мерейін тасытар сәттен бұрын ұшақпен ұшудың жаңа әдісін тәжірибе жүзінде көрсетті.

Ал, Талғат Мұсабаев әлемнің 309-шы ғарышкері. Ұшқыш Талғат Бигелдиновтың жолын жалғаған ол бір айда 5 рет, яғни 30 сағат 8 минут ғарыш кеңестігіне сапар жасағаны үшін Гиннесстің рекордтар кітабына енді.

Талғат Мұсабаев алғашқы «ғарыш хирургы» бейресми атағын алған. 2001 жылы ғарышқа бірге аттанған америкалық миллионер турист Денис Тито әуе кемесінің ішінде басын жарақаттайды. Экипаж командирі ретінде қазақ ғарышкері аспан кеңістігінде ұшып жүріп, жарасын тігеді. Осылайша, Талғат Мұсабаев елінің ғана емес, бүкіл әлемнің батыры атанды.

Әлемнің 545-ші ғарышкері, жерлесіміз Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде, бір айда дүниеге келген. Бір оқу орнының түлектері. 

Тәуелсіз Қазақ елінің ең үлкен жетістіктерінің бірі – ғарыш кеңістігін игеру екені сөзсіз. Осы жолда күні бүгінге дейін қыруар жұмыс атқарылып, қазақ ғалымдары өлшеусіз үлес қосуда.

4,7(30 оценок)
Ответ:
annelya009
annelya009
22.05.2023
Көлік – материалдық өндірістің жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын аса маңызды саласы, экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі.
Археологиялық деректемелер неолитзаманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе,жылқы, құлан, қашыр, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды.

Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды.

Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. Мұндай көлік түрлерінің біразы ежелгі Мысырда, Вавилонда, т.б. жерлерде біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта қолданылғанын тарихи-археологиялық деректер дәлелдейді.

Әскери арбалар шығыстағы ежелгі мемлекеттерде соғыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери және жүк арбалардың тасқа қашап салынған суреттері Қаратау өңірінен де табылды. Қазақстан жеріндегі жергілікті халықтың ежелгі тұрмысын көрсететінпетроглифтерде немесе басқа да археологиялық бұйымдарда, ескерткіштерде көлікке қатысты деректер көптеп кездеседі. Әсіресе көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде жылқымен түйенің орны ерекше болған. Түйе шөлге және ұзақ жүріске шыдамды болғандықтан, ежелгі және орта ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда керуендерінде, сондай-ақ мал қамымен көктеуге, жайлауға, күздеуге, қыстауға көшіп-қону кезінде негізгі көлік ретінде пайдаланылған. Жылқы да көшпенді халықтың тұрмыс-салтына аса қолайлы көлік болды. Қазақтар “ат – ердің қанаты” деп есептеген. Бағзы бір замандарда “аттың жалында, түйенің қомында” жүрген кездер де болған. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғасырлар қойнауынан келе жатқан дәстүрлі көлік түрі мен құрамы да өзгеріске ұшырап отырды. Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз,ұшақтар ығыстыра бастады. Сөйтіп, техникалық көлік түрлері қоғамдық даму сатыларын айқындайтын көрсеткіштердің біріне айналды. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.
4,8(25 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ