М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ангел813
ангел813
18.11.2021 06:40 •  Қазақ тiлi

Мәтінге ат қой.мәтін бойынша жазбаша жоспар құр. қурайлы көлін қоршаған қалың егінші, түнде жауын болғандықтан жердің дегдуін күтіп,бүгін егінге күндегіден кешірек шыққан.біреу өгіз,біреу ат, біреу түйе, қайсыбіреу аралас жегіп,қым-қиғашқимылдаған жұртты олжабек пен жамал көріп келеді.ертемен
ауылдан шыққан айқай-ұйқай дауыстарды да құлақтары анық естіді: --әй,егеуді қалдырма,егеуді! --аналар барып жырта --мәулікейді оятыңдар,мәулікейді! егіс басталғалы бірқатар күндер өтсе де, ауыл әлі даурығуын қойған жоқ. көз алмай ұарап келе жатқан олжабек қабығын бір шытып күбір етті:
--жұмыстарында өнім жоқ. өгіз бен сиырды аралас жеккен бір бөлек егінші қара жолды жиектей соқасын жаңа ғана салған екен. олжабектер келіп солардың қасына тоқтады. олжабек көзі көліктерде. --ана сиыр бұзау бере ме,енді! - ойда тұрғанда: --о,жігітім, жол болсын,-деді егіншілердің ішіндегі сақалды
біреуі. жасы үлкен ға сәлем бермегені есіне түсіп,олжабек: --ассалаумәлейкүм,- дегенде, түйенің үстінде отырған жамал мырс етті. егінші де күліп жіберді. --е,бәсе, жасын кіші көрінеді ғой , шырағым,-деді де сорайған мойнын соза түсіп жамалға: -есенбісің,.ал, жөніңді білдір. танымадық,-деді
олжабекке. олжабек жөнін жөнді айтпады.сұрастыра келе шалдың кім екенін өзі жақсы біліп алды. оған кездескен осы елдегі «пышақшы мешел» дейтін еді,білгенінше жай-жапсардың бәрін айтты. олжабек сұрай берді --отағасы, сонымен колхоз егінін салып жатырмыз де. --иә, шырағым,әйтеуір қауым болып кіріскен
іс қой,тәңірі тек оңын берсін. --осы маңдағы елдің бәріде колхоз болды ма? --колхозсыз жер бар дейсіз бе? --кім қалпында отыр дейсіз. --бәсе,ел елдің бәрі-ақ осыған келді деседі ғой. --дегенмен, «ортақ өгізден,оңаша бұзау» жақсы да. --әй, -ай, ол заман мен бұл заман бір ме? заманына қарай амалы да
бар емес пе? !

👇
Ответ:
Aruzhan0121
Aruzhan0121
18.11.2021

мәтін тым көп басқа мәтын жоқпа не

4,8(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vikysikrusinova
vikysikrusinova
18.11.2021

ответ: если не сложно поставьте лайк?

Объяснение:

Қазақта "Елу жылда ел жаңарар" деген мақал бар.Осы мақалға мысал болған еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел адамдарының ой-санасының түпкілілікті өзгеріп,материалдық жағдайларының жақсаруы.Тәуелсіздікті арман етіп,қолға жігерлене көк байрағымызды ұстап,еліне,өз ұрпақтарына Қазақ елінің жерін қалдырып кетуге тырысқан қаншама ағаларымыз елдің намысын қорғауға ат салысты.Қаншама боздақтар осы жолда жанталасып,тіпті іштері ашынғандықтан ел мәселелерін өлеңмен жеткізіп отырды.Қасым ағамыздың осы өлеңі сол кездегі халық мұңын сипаттайды.

4,5(96 оценок)
Ответ:
SsssDddddddd
SsssDddddddd
18.11.2021

қашанда намысты биік қойған ұлтпыз. Қазақта «Бөріктінің намысы бір» деген ұлағатты, жақсы сөз бар. Мен соңғы уақыттары намыс мәселесі туралы ойланып, толғанып жүрмін. Неге десеңіз, қарап тұрсақ, біздің барлық өміріміз, тіршілігіміз өз алдына, ал рухани дүниеге, ұлттық құндылықтарымызға келгенде намыстың орны бөлек екен. Намыс қай жерде болсын керек. Мәселен, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Тілге де намыс керек. Тіл – намыссыз дамымайды. Біз кейде неге өзіміздің қаракөздеріміз ана тілін құрметтемейді, үйренбейді деп өзімізге сауал қойып, ой жүгіртеміз. Себебі бұл мәселеде де намыстың жоқтығы болмай отырғаны сезіледі. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді. Осы айтылған мәселелердің бір адамның бойынан табылуына да, меніңше, намыс ерекше әсер етеді. «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» дегендей, бойында ұлттық намысы бар адам ол өзінің мәдениетін, тілін, дінін қастерлейді. Жақында мынадай бір оқиғаның куәсі болдым. Бір кеңсе дүкеніне кіріп едім жасы егделеу тартқан бір қазақ апай сол кеңсенің ұлты қазақ қызметкеріне ұрсып тұр екен. Сондағы сөзін тыңдап көрсем: «Ты сначала на русском нормально разговаривать научись» дейді. Сонда әлгі қызметкердің бар айыбы әлгі апайға қазақша сөйлегені ме? Сұрастырып білсем, ол апай өзіне керек затты әлгі дүкеннен таба алмай, ашуланған екен. Содан барып, өзіне қазақша жауап берген қызметкерге осындай сөздер айтқан екен. Өзі тек орысша сөйлейтін кісі көрінеді. Мен де араласып, оған мұныңыз дұрыс емес деген сыңайда пікірімді айттым. Өйткені тілдің намысы аяққа тапталып жатқанда үндемей қала алмадым. Себебі бойымда ұлттық намысым бар. Тілімді жақсы көремін, салтымды сыйлаймын. Ата-анамнан да көрген тәрбием сол. Сондықтан өмірдің күнделікті көрінісіне мән беріп, қарап жүрсең, өзіміздің қазақ азаматтарымыздың бойы­нан намыстың аздығын байқаймын. Бәлкім, біз өзгерген шығармыз. Заман басқа шығар. Бірақ ұлттық намысты ұмытуға, естен шығаруға болмайды ғой. Бізді ұлт еткен намысымыз емес пе?! Жастарға да айтарым сол – ұлттық намысыңды сақтай біл. Сонда ар-ұжданың да биік болады. Еліңе пайдаң тиетін жақсы азамат болып өсесің. Айдос Маратұлы Қарағанды облысы

9790 рет

көрсетілді

8

пікір

4,4(18 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ