Объяснение:
Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16-желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша бұл тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін таяудағы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арнаған сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды.
Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін бүгінгідей мереке күні алға қарай тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың тыныш өмірінің негізін қалау үшін қазір де бұл бағыттағы іс-әрекетті жалғастыру керек. Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай келетін жатқан жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр.
Ендеше әрқашан да әрқайсымыздың «кішкене отбасымыздан басталатын кең-байтақ ұлы Отанымыздың» тәуелсіздік күні құтты болсын, көк аспанымызбен ...
Нұр-Сұлтанда 1 маусым күні– Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызының алғашқы сапары басталды.
Жобаның қатысушылары елордада жиналып, еліміздің әдемі тарихи орындарына саяхатқа аттанбас бұрын, қызыққа толы екі күн өткізеді.
Жаздың бірінші күні балалар туристік пойызының үш кезеңінің алғашқы кезеңі басталады. Бұл күні ел бойынша жиналған 200-ден астам мектеп оқушылары елордаға жиналып, онда топтарға бөлінеді, тәрбиешілермен кездесіп, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларға және аниматорлармен ойын-сауық іс-шараларына қатысады: флэш-мобтар, жарыстар, спорттық іс-шаралар және т.б.
2 маусым қатысушылар «Нұр Әлем» болашақ мұражайына барады. Бәйтерек, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасын, қаланың спорттық және мәдени сарайларын көріп, елорданы екі деңгейлі автобуспен аралайтын болады. Сол күні кешке пойыз осы жылғы алғашқы саяхатқа жолға шығады. Пойыз сапарға аттанбас бұрын балалар перронда флешмоб ұйымдастырады.
«Тоғыз күндік саяхат бағдарламасы негізгі қалалар мен барлық сапар барысында көптеген шығармашылық, интеллектуалдық және тынығу шаралары ойластырылған. Балалар күндерін жаттығумен, ұрандармен және таңғы аспен бастайды. Күннің қалған бөлігінде түрлі шығармашылық, музыкалық, интеллектуалдық үйірмелер мен ағылшын тілі курстарына қатысады», - делінген ба з хабарламасында.
Пойыз бағдарына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді. Жобаның алдыңғы маусымының қатысушылары балалар экскурсиялық пойызының туған жердің керемет тарихи орындарын көріп, көптеген жаңа дос табуға үлкен мүмкіндік екенін ерекше атап өтті