А құқығын қорғаудан басталады» дейді. Иә, шынында, бала дүниге келген сәтінен-ақ өзінің құқығына ие болады. Себебі «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы» деп Қазақстан Республикасының Конституциясының бірінші бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы - халық. Яғни адам өзінің ойын, пікірін еркін айтуға да құқылы. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары қорғалуына дәлел де айтуға болады: ол - Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Әр елде негізгі заңдары, басшы, адам мен азаматтардың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін зандылықтар болуы керек.Қазақ елінде ерте заманнан бері хандар басқарып, оның ішінен Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Есім ханның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы» сияқты заңдар шығарған. Ал қазіргі таңда елімізде талай өзгерістер бар. Әуелі, адам құқығына байланысты Конституция бір мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы отызыншы тамызда референдумда бекітілген болатын. Белгілі заңгер ғалым А.К.Котов былай деп айтқан: «Жалпы социологиялық категория «адам құқығы» мен мемлекеттік құқықтық ұғым «азамат құқығының» байланыста болуы – табиғи жағдай. Олардың арасындағы айырмашылық – адам құқығы мемлекеттік құқықтың мойындауынан тыс бола береді. Олар дүниежүзілік қауымдастықпен гуманистік құндылық ретінде мойындалған. Негізінде, адам құқығын сыйлайтын мемлекет олардың негізгілерін өз Конституцияларында бекітеді, сонымен қатар күнделікті заңнамаларда тәптіштейді». Осы сөзден мынадай қорытынды туындайды: әрбір елдің адамы, азаматы өзінің құқығы мен міндетін білу қажет.Менің пайымдауымша, кез келген азамат өз елінің құқығын білу қажет. Себебі заңдарды, құқықтарды, міндеттерді білген азамат, мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп, заңдарды орындайды. Бірақ оның барлығын толық білу үшін, тек қана бойында жауапкершілік болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізетін болса, сол адам өз құқығын дұрыс біліп, қорғай алмақ, қорғана алмақ! Керек жерін алып ал
Объяснение:
Ұнаса кәдеңе жараса кароч алғыс білдір
Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік. (шағын шығарма,эссе десе де болады)
Объяснение: