Жаңа жыл туралы шығарма.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
Эссе
Өлеңде даналық болса,сөзде сиқырлық болады.
Сөз...Үш-ақ әріп.Бірақ ұлылығы қаншама?"Сөзден тәтті нәрсе жоқ.Сөзден ащы нәрсе тағы жоқ.Сөзден жеңіл нәрсе жоқ.Сөзден ауыр нәрсе де жоқ" деп Бөлтірік шешен бекер айтпаған еді.Бір сөздің күшімен дауды шешіп,соғыста жеңуге болады ғой.
Сөзде сиқырлық болатынын қанда тулап жатқан төре өнердің төбесінде тұрған Сүйінбай мен Қатаған айтысынан көре аламыз.Бір ретте Қырғыз жерінде ас беріліп,қырғыз бен қазақ халқының басы қосылады.Қазақ ақыны Сүйінбай Қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі.Сүйінбай халыққа амандасып,бауырлас еліне келгендігін айтып болған соң,оған Қатаған:
Керегің жоқ Қырғызға,
Керегің Қазақ жиынға-ай!
Келіп қапсың ордама,
Қатағанды тұйынбай!-деп тиіседі.Сонда Сүйінбай қазақ халқының жүздері мен руларын,батырлары мен хандарына тоқталып:
Шығарма Қатаған үніңді!
Есіңе сақта бүгінгі,
Қанатың сынған күніңді!
...Қырғыз, Қазақ қосылып,
Жалтылдатпа мұныңды!-деп жеңіпті.Сүйінбай айтысының басты мақсаты - елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру.Ол осы мақсаты сөздің сиқырлығымен жеткен еді.