М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vesnakrasna1
vesnakrasna1
03.02.2021 01:42 •  Қазақ тiлi

с тестом 1.Қазақ тілінде неше септік бар.
А) алты септік В) жеті септік
С) сегіз септік Д) бес септік
Е) тоғыз септік
2.Бірыңғай бітеу буынды сөздер қатары
А) Түркістан, Алматы В) Астана, Көкшетау
С) Жаңбыр, достық Д) қазақ, наурыз
Е) Абай, шығарма
3.Абай қай жылы дүниеге келгенін белгілеңіз.
А) 1889 В) 1845 С) 1904 D) 1841? Е) 1885
4.Жанды зат есім қатарын табыңыз.
А) Бала, әке, іні В) Кітап, әке, бала С) Іні, әке, дәстүр
D) Дәстүр, әке, тағам Е) Тағам, азық, жұрт
5.Берілген дыбыстың анықтамасын белгілеңіз.
[а ] - ...
А) Дауысты, жіңішке, езулік, қысаң
В) Дауысты, жуан, еріндік, ашық
С) Дауысты, жуан, езулік, қысаң
Д) Дауыcты, жіңішке, еріндік, қысаң
Е) Дауысты, жуан, езулік, ашық
6.Заттың түрін, түсін, дәмін, сапасын білдіретін сөз табын көрсетіңіз.
А) Зат есім В) Сан есім С) Етістік
D) Сын есім Е) Есімдік
7. «Абай жолы» роман-эпопеясы неше кітаптан тұрады?.
А) 4 В) 3 С) 5 D) 2 Е) 6
8. Конституцияның нешінші бабында мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жазылған?
а) 7 в) 9 с) 11 д) 5 е) 3
9.Сайын Мұратбеков қай жылы дүниеге келді?
А)1978 жылы В) 1976 жылы С) 1975 жылы Д) 1936 жылы Е) 1935 жылы
10. Барыс септігінде тұрған сөзді көрсетіңіз
«Асқар көршісіне тез келуді ескертті»
А) тез В) келуді С) көршісіне Д) ескертті Е) Асқар
11. Фонетика зерттейтін саланы белгілеңіз.
A) Сөз құрамын B) Сөйлем мүшелері C) Дыбыстар жүйесі
Д) Сөз таптары E) Сөз мағынасы
12.Жіктік жалғауы дұрыс жалғанған зат есім
А) Студентпын В) Әжемын С) Қызсің Д) Шәкіртпіз Е) Баласіз
13.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымша
А) -дың, - дің, - тың, -тің В) - ма, -ме, -па-,пе
С) - мен, - бен, -пен Д) -ға, -ге, -қа, -ке
Е) - да, -де, - та,-те
14.Ұяң дауыссыздан басталған сөз
А) қиял В) елші С) ауа Д) күзеу Е) жалқау
15. Мемлекеттік тудың авторы кім екенін анықтаңыз.
A) Ш.Уәлиханов. B) Ш.Ниязбеков. C) Ж.Нәжімеденов
D) Ш.Қалдаяқов E) Ж.Мәлібеков
16.Жалғаудың неше түрі бар:
А) 7 В) 5 С) 2 D) 4 Е) 3
17.Ұлттық валюта күні қашан?
А) 1995 ж 30 тамыз В) 1991 ж.16 желтоқсан
С) 1993 ж.15 қараша D) 1989 ж. 22 қыркүйек Е) 1992 ж 4 маусым
18.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз
А). заттың атын В). заттың іс-қимылының мекенін
С). заттың іс-қимылының мезгілін Д). заттың қимылын
Е). заттың түрін, түсін
19. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебені алды?
А)1991 ж. В)1989 ж. С) 1986 ж. Д) 1987 ж. Е) 1988 ж.
20. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
А)1990 ж. В) 1998 ж. С) 1991 ж. Д)1992 ж. Е)1993 ж.
21.Реттік сан есімнің жұрнақтарын табыңыз
А). –ау,-еу В). –ыншы,-інші, -ншы, -нші С). –даған, -деген
Д). –нан,-нен, –дан, -ден Е). –ау,-ыншы
22.Абайдың халықты оқуға, білімге шақырған өлеңі
А) Болыс болдым мінекей В) Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
С) "Ескендір" поэмасы D) Ғылым таппай мақтанба" Е) Желсіз түнде жарық ай
23.Үндестік заңына бағынбайтын сөз
А) Алматы В) Астана С) Талдықорған Д) Қарағанды Е) Көкшетау
24.Езулік дауыстылар
А) о, е В) е, і С) а, о Д) ү, у Е) о, ө
25.Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
А) сенен В) үлкен С) он D) ол Е) жас

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Мэй15
Мэй15
03.02.2021

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі салтанат құрған жылдары қазақ прозасындағы халық тарихының бұрын шығармалар арқауына асынбаған тұстары, тарихи тұлғалары көркем шындық поэтикасы өрнектерімен жазыла бастады.

    Осындай шығармашылық үрдіс жемістері қатарына көрнекті жазушы Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи романы да қосылды. Романның тақырыбы – Қазақстан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары. «Тар кезең» романының идеясы – Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтық қарсыласу қуатын таныту. Жазушының «Тар кезең» тарихи романына арқау болған сюжеттік-композициялық желілердегі қақтығыстар, қазіргі «Қазақстан тарихының» жаңаша жазылған тарихнамалық-дерекнамалық деректі тұжырымдары негізінде жазылғандығымен ерекшеленеді.

 Қазақ тарихындағы отаршылдық пен ұлттық тәуелсіздік арасындағы қайшылықтар, қақтығыстар мол орын алған кезең эпикалық шығарманың құрылысында қамтылған.

   «Тар кезең» романының жеті тарауындағы сюжеттік-композициялық желілерде мынадай оқиғалар эпикалық көлеммен қамтылған: біріншісі – Ресей патшалығының әкімшілік жүйесінің қазақ өлкесін мемлекеттік ішкі саясат аясындағы генерал-губернаторлық басқару жүйесінің ерекшелігі; екіншісі – Кіші жүз хандығы басқару жүйесінің дәстүрлі жолы мен оның отарлық әкімшілігіне тәуелділік сипаты; үшіншісі – Ресейдің отаршыл озбырлық іс-әрекеттеріне тыйым салу қарсылығын танытушы «Халық кеңесінің» құрылғаны, оған үш ата өкілдерінің (Әлімұлын – Шекті Сегізбай биге, Байұлын – Шеркеш Тұрманбет биге, Жетіруды – Табын Тіленші биге) мүшелері болғаны, Халық кеңесінің Төбе биінің (Байбақты Сырым би), Төбе бидің кеңесшілерінің (Ысық Қаратау би және Кете Көккөз би) сайланғаны. Романда қазақ тарихына есімдері мәлім осындай көрнекті адамдар көркем бейнелерінің сомдалуы, оқиғалар барысындағы олардың іс-әрекеттері, монологтары, портреттері, т.б. ерекшеліктер көркемдік қолданыстар арқылы дәлелдеген.

    Романның негізгі басты кейіпкері – Сырым Датұлы (1753-1802). Оның есімі қазақ тарихындағы би-шешендер, батырлар дәстүріне арналған тарихнамалық-дерекнамалық шежірелік мұраларда, ел аузындағы әңгімелерде, фольклортану, әдебиеттану, Қазақстан тарихы зерттеулерінде қарастырылып, бағаланып келгені мәлім. Үнемі назарда келе жатқан қайраткер тұлғаның романға арқау болғаны – Тәуелсіз Қазақстан әдебиетіне тән жаңалық көрсеткіші. Сырым Датұлының белгілі тарихи кезеңдегі Ресей отаршылдығына қарсылық іс-әрекеттері романдағы көркем шындық поэтикасының эстетикалық сипатымен өрнектелген. Ресейдің отаршылдық халықты басқарған саясатын қазақ даласында жүзеге асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын барымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады.

  Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныстарынан (Қырмызы, Қособа, Мақарша, Қарағұс, Қосағаш, Көкайыл, Бөлекқұмақ, Жетікөл, Тұздыкөл, Жосалы, Қоңыр, Талдыбұлақ, Тасқұдық, т.б.) көшіріп, жаңа қоныстарға (Қалдығайтының сыртындағы Қарақамыстық қойны, Көшекбасар, Ишқымбай, Жібек, Сұлукөл, Жем, Сағыздың жоғарғы жағы, бес өзеннің бастауы – Бестамақ пен Саға, т.б.) орналастырады.

4,5(79 оценок)
Ответ:
justdoit5
justdoit5
03.02.2021
Менің есімім Таня. Мен он төрт жастамын.Мен Макинск қаласында тұрамын. Сегізінші сыныпта оқимын. Мен бірінші сыныптан бері оқу үздігімін. Барлық адамдар секілді менің де бос уақытым бар және мен ол уақытты әр кезде әр түрлі өткіземін. Бірінші сыныптан жетінші сыныпқа дейін мен Балаларға арналған Шығармашылық үйіне бардым. Вокал, би үйірмесі, театр үйірмесі, сән үйірмесі, қолөнер үйірмесі, жеңіл атлетика және ақындар үйірмесіне қатыстым.Мен қазір Балаларға арналған Шығармашылық Үйіне бармаймын. Бос уақытым да біраз.
4,4(65 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ