Реактив[1], реагент (ре… және лат. agentіs — әсер етуші) — химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды. Тазалығына және қолданылатын ғыл. немесе анализдік қажеттіліктеріне байланысты Реактивтер: өте таза, анализ үшін таза және таза деп бөлінеді. Қолдану салаларына байланысты Реактивтердің тазалығына әр түрлі талаптар қойылады. Реактивтердің басым бөлігі екі не үш сипаттамалар бойынша, ал кейбіреулері, мыс., биология мен спектрлік зерттеулерде қолданылатын Реактивтер 20-дан аса сипаттамалар бойынша анықталады. Реактив органик. және органик. емес деп те бөлінеді. Барлық Реактивтердің саны 60 мыңнан асады. Олар улы, оңай буланғыш, отқа қауіпті, қопарылғыш, тұрақсыз, т.б. болып келеді. Реактивтердің түрлері мен қолдану ережелері ыдыс сыртындағы жапсырма қағаздарда, катологтарда көрсетіледі.
Объяснение:
«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол
жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен
ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады.
«Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен
ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты.
«Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана
Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
ni
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол
Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-
опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын
көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера
театры.