шәкен кенжетайұлы айманов (1914 ж. 15 ақпан — 1970 ж. 23 желтоқсан) — қазақтың әйгілі актері, режиссер.1964ж ксро-ның халық артісі. туып өскен жері павлодар облысының баянауыл ауданы. топырақ бұйырған жері алматы қаласы.
айманов шәкен (шаһкерім) — актер, режиссер, ксро халық артисі (1964). болашақ актер 1914 ж. 15 ақпанда қазіргіпавлодар облысының баянауыл ауданында туған. ол кішкентай кезінен жездесі қали байжановтың әндерін тыңдап өскен. ауыл мектебін бітіріп, (1928), семейдегі педагогикалық техникумға оқуға түскен. семей мұғалімдер техникумында оқып жүргенде 1932 ж. алматыдағы қазақ драма театрына шақырылады.
шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. оның «махаббат туралы аңыз» (1953), «дала қызы» (1954), «біздің сүйікті дәрігер» (1958), «алдар көсе» (1965), «туған жер» (1967), «атаманның ақыры» (1970) фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар.