Майбұлақ тұрағының индустриясы техникалық мінездемесінің төмендегідей ерекшеліктері бар . Өзек тасты алғашқы жаңқалауда леваллуа техникасының ерекше орын алғаны байқалады . Мұнда дайындамалар , пішін , сонымен қатар тыңғылықты өңделген ядрища мен соғу алаңы дайындауда ұқсас стратегиясымен анықталған жаңқаларға бірнеше аршылған леваллуалдық өзектастар бар . Екі өзектаста протопризмалық өңдеуге өту белгілері бар ерекшеліктер байқалады . Тұрақтағы индустрия ішінде ерекше орынды призмалық техника алады ( 7 дана нуклеус , з дана пренуклеус ) . Бұл топтың нуклеустар көптеген топтарға бөлінеді . Үлкен пластиналарға арналған макронуклеустар , орта өлшемдегі пластиналарға арналған аса үлкен емес призмалық нуклеустар , микропластиналарға арналған призмалық өзектастар . Артефактілердің басым бөлігі жаңқалар , техникалық қалдықтар , сынықтар , сындырындылардан тұрады . Құралдардың ішінде ертепалеолит түріндегі бұйымдар аз мөлшерде кездеседі . Қолда бар даналар типологиялық тұрғыда мустьер дәуіріне жатып , сериялық нақты жүйе құрамай , ертепалеолиттік кезеңнің төменгі бөлігінен шықпай , табылған барлық коллекциялардың бөлігі болып саналады . Мұнда жаңқалар мен пластиналардағы жаңқалар ( 4 дана ) , біржақты қырғыштар , пышақ кіреді . Шығыңқы құралдардың призмалық пластиналарда дайындалған ұштықтар . Морфологиялық тұрғыда әр алуан топ болып қырғыштар құрайды , басқа топ ішіндегі периметрі бойынша ретуші бар соңғы , домалақталған лезвиясы бар , екі жақты қырғыштар бар . Майбұлақ индустриясында кескіштер ( жаңғы кескіштер ) көп . Тұрақ мекендеушілерінде тас бұйымдарды бифасты өңдеу кең тарамаған . III мәдени горизонтта жаңғы нуклеустарды микропластиналық техникасымен өңдеу байқалады . Микропластиналарды қыстырғыш ретінде қолдану тіркелмеген . Дайындамалар ең әуелі қырлары желінген микроүшкір және микротескіштерді алуға пайдаланылған . Аңғардағы шикізат көзі адамды қызықтырған себептісебепті , біз Қастек сайында барлау жұмыстарын жүргізген болатынбыз . Бұл жерден ертеректе жер бетінде жатқан тас құралдар орта және ұсақ өлшемдегі жартылайбірінші және екінші өндірістік сынықтар мен қалдықтар кездескен тас дәуірінің Қастек табылым орны анықталған болатын , Нуклеус тәріздес сынықтар - 20 дана . Олардың ішінде желвактын қабығы барлар да кездеседі . Сынықтар жартылай бірінші және екінші үлкен және Кіші артефактылармен бейнеленеді . Алғашқы жаңқалардың қалдықтарын сараптай келе ескеретін бір жайт , сынықтардың басым бөлігі жаңқалар мен техникалық сынықтар , қирандылардың қалдықтары көп кездеседі . Бірнеше дана пластиналар бар . Жаңқалау техникалық призма түріндегі пластина алу үрдісі кең қолданылмаған . Алдын ала болжам бойынша , тас құралдар типология негізінде кейінгі палеолиттің соңғы кезіне жатады . Төмендегідей алдын ала қорытындылар бойынша , Майбұлақ , Қастек тұрақтарының индустриясын зерттеу , бұлескерткіштер Сібір , Алтай , Орта Азиядағы кейінгі палеолиттік ескерткіштермен ұқсастығы байқалады . Биылғы жылғы жұмыстар мақсатына нысанды құландылардан тазарту , Сонымен қатар абсолюттік мерзімдеуін нақтылауға арналған жаңа ақпарат алу үшін тың қазба салу кірді . Қазба нысанның орта тұсына салынды . Көлемі 20 шаршы метрден астам аумақты қамтыды . Ең терең тұсы 8 мжетті . Шығыс қабырғасының кесіндісінің стритиграфиясы ақшыл - сары саздақ , кей жерлерде корбанатты қабаты бар тығыздау келген ақшыл - сары саздақ . Батыс бөлігінің жоғарғы тұстары құрылыс жұмыстарының әсерімен бұзылғанмен , бұл жерден 3 мәдени қабат анықталды . І мәдени қабаттың 37 бұйымнан тұратын тас құралдар коллекциясы табылды . Коллекция құрамында микропластиналарға арналған призма тәріздес және призмалық нуклеустар , жаңқалар , пластиналар , нуклеус тәріздес сынықтар , қырғыштар және микропластиналар . Горизонт төңірегінде кей жерлерінен көмір қалдықтары табылды . II мәдени горизонт
9х-3-10х-14=0
-х=17
х=-17
2)5(х+4)=2(4х+5)
5х+20=8х+10
-3х=-10
х=10/3=3,1/3
3)2(3х-7)-5х=3х+11
6х-14-5х=3х+11
-2х=25
х=-25/2=-1,25
4)2х-4(х-8)=3х+2
2х-4х-3х=2-32
-5х=-30
х=6
5)12х-16=11 х+2(3х+2)
12х-11х-6х=16+4
-5х=20
х=-4
6)4(х+1)-(9х-5)=3
4х+4-9х+5=3
-5х=-6
х=6/5=1,2
7)14-(4+2х)=1+х
14-4-2х=1+х
-3х=-9
х=3