Соған байланысты Қостанай облысының ТЖД үсік шалған уақытта алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндіріп, аяз кезінде адам өзін қалай сақтандыру керектігін еске салады деп жазады ҚазАқпарат. Ведомствода айтылғандай, шамадан тыс суық өту немесе үсу адам организміне төменгі температураның жалпы әсер ету салдарынан пайда болып, оның негізгі физиологиялық жүйелері қызметтерінің, ең алдымен дене жылылығын реттеу қызметінің бұзылуына әкеледі. «Үсудің 4 дәрежесі бар. Бірінші дәрежелі үсу кезінде терінің сезімталдығы нашарлап бозарады, үсіген жер ісінеді, ауырып қышиды. Екінші дәрежелі үсу біршама ауыр өтеді, терінің асты суланып күлдірейді. Үшінші дәрежелі үсу түрінде терінің астына қанды су жиналып, күлдірейді, бірнеше күннен соң олардың орны жансызданып, жарылады да, тыртық пайда болады. Төртінші дәрежелі үсу кезінде барлық жұмсақ тіндер, кейде тіпті сүйек тіндері де жансызданады. Бұл - үсудің ең ауыр түрі. Жансызданған жер тырысып кеуіп қалады, қара қоңыр түске боялады», - деп түсіндірді Қостанай облысының ТЖД өкілдері. Мамандардың сөзінше, үсік шалған жерлерді қармен уқалау терінің зақымдалуына әкеп соғады және инфекция түсіреді. Суық тиген адам жылыну үшін алкоголь ішуге болмайды. Себебі, қан тамырлары кенет тарылады, ол тиісінше, зақымданған жерлерді оттегімен қамтамасыз етуді төмендетеді. «Үсік шалған жерлерді маймен сылауға тыйым салынады, өйткені ол терінің демалуын бұзады және зақымданған ұлпалардың шығуына кедергі болады. Үсік шалған тері қолмен немесе тоқыма шарфпен сыланады. Әуелі, үсіген адамның қолғабын және аяқ киімін шешіңіз, жұмсақ массажбен жылытыңыз, ал аяқтарыңыздың табанын жоғарыдан төмен бағытта сылаңыз. Зақымданған теріні мүмкіндігінше дәкемен, марлемен, полиэтиленмен бірнеше қабаттап ораңыз және жылы үй-жайға дейін тез жетуге тырысыңыз. Өзіңіз тез арада немесе көршілердің көмегімен дәрігер шақыртыңыз. Дәкені шешпеңіз, әйтпесе температураның төмендеуі нәтижесінде ұлпадағы дұрыс қан айналым бұзылады», - деп түсіндірді. Өз кезегінде, «Қазгидромет» РМК филиалы суық ауа температурасы Қостанай облысындағы әлі біраз сақталатынын ескертеді. «Өткен тәулікте ең төменгі ауа температурасы -22-28 градус болды. Бүгін ол -33-38 градусқа дейін түседі деп күтілуде. Облыстың кей өңірлерінде -40-43 градус аяз сезіледі. 6-7 ақпан күндері де төмен ауа температурасы болады», - деді филиал директоры Лариса Кузьмина. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қардың қалың түсуі мен боранға байланысты үш облыстың аумағындағы республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.
Это?
Объяснение:
Язык - инструмент, с которого мы выражаем наши мысли, выводим их из молчания внутри собственной головы на уровень слышимости. Возьмите первый раз в руки скрипку и попробуйте сыграть вальс Мендельсона. Вам, скорее всего, посоветуют сменить её на пилу и распилить бревно, так как пользы будет больше. Для овладения игрой на любом инструменте нужны старания, и это если совсем исключить из уравнения талант. Плохой звук режет слух, плохое знание грамматики языка, нехватка лексического запаса для облечения мысли в речь режет слух не меньше. Разница только в том, что посредственного умельца игры на скрипке никуда не возьмут, ни оркестрантом, ни свадебным музыкантом. С посредственными же умельцами облекать мысль в слово мы сталкиваемся всюду. Даже в беллетристике, не говоря о повседневной жизни. Убогие в прямом и переносном смыслах тексты наводняют информационное пространство, вливаются помимо нашей воли в наши головы из неграмотных рекламных плакатов, вывесок, интернета и прочая.
Объяснение:
ответ: где задание
Объяснение:
Мне нужно задание чтоб это сделать