2 мен 3 Калий картоп құрамында крахмалдың, тамыр-түйнекті дақылдарда қанттың, жемшөпте протеин мөлшерін арттырады. Калий тыңайтқыштарын топырақтың құрамына, тыңайтылатын дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, тыңайтқыштардың химиялық қасиеттеріне байланысты әр түрлі мөлшерде шашады. Негізгі тыңайтқыш ретінде күзде не көктемде жер жырту не культиваторлау кезінде қолданады. Қант қызылшасын, картоп, жүгері және кейбір көкөніс дақылдарын Калий тыңайтқыштарымен үстеп қоректендіреді. Бұл кезде Калий тыңайтқыштарын азот және фосфор тыңайтқыштарымен бірге қатар аралықтарына 10 – 12 см тереңдікке (20 – 30 кг/га К2О) шашады. Қазақстанның Батыс Қазақстан облысы/Батыс Қазақстан облысында, Қаратауда, т.б. жерлерде Калий тыңайтқыштарының мол табиғи қорлары бар. [
Объяснение:лучший ответ кылш