Қазақ хандығының ішкі жағдайы Өңдеу
Тәуке хан (1680-1715/18 жылдар) билік еткен жылдары қазақ хандығы орталықтандырылған мемлекет болып қала берді. Қазақ хандығында бейбіт өмір орнады, заңдар қатаң сақталды, тайпааралык алауыздык азайды. Шиеленіскен ірі даулар мен айтыс-тартыстар беделді билердің тікелей араласуымен шешіліп отырды. Барымта-карымта, жайылымдар мен су көздерін бөлісу жөніндеп алауыздықтар мейлінше азайды. Қазақтың әскери жасақтарының жауынгерлік кабілеті күшейді. Ішкі ауызбірліктін арқасында елдің орасан зор аумағының тұтастығы сақталды. Қазақтар солтүстігінде орыстардың Тара қаласынан бастап, оңтүстігінде Ташкент қаласына дейінгі, батысында Жайық (Орал) өзенінен бастап, шығысында Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді иеленді. Қазақтардың Еділ (Волга) өзені аймағында көшіп-қонып жүрген кездері де болды.
Тәуке хан тарихқа «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаған билеуші ретінде кеңінен танылды. Оның кезінде құрамында қазақ даласының данышпандары атанған аса беделді Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар билер кеңесі құрылды. Олардың жеке тұлғалары мен аттарының өзі бүкіл қазақ халқының және Қазақ хандығының бірлігі мен біртұтас топтасқандығын білдірді. Тәуке ханның кезінде қазақтардың үш жүзінің ең таңдаулы да беделді деген өкілдері жыл сайын бас қосып, аса маңызды мәселелерді талқылап, шешім қабылдап отырды. Ондай жиын Оңтүстік Қазақстанның аумағындағы Күлтөбе деген жерде өтіп тұрды. Атақты ханның ордасы орналасқан қала қасиетті Түркістан болды. Қазақтар Сырдария өзенінің өңіріндеп 32 қалаға иелік етіп, басқарып отырды. Тарихшы ғалымдар Тәуке хан билік құрған уақытты Қазақ хандығының «алтын ғасыр» кезеңі деп бекер атамаған. Атақты орыс тарихшысы А.И. Левшин осы билеуші туралы былай деп жазады: «Ол оларды, тайпаларды, өліспей беріспейтін алауыздықтан арылтты, олардың арасындағы бірнеше жылга созылған қанды қырғын сойқанды тоқтатты, ол өзгелердің бәрін де асқан ақыл-парасатымен, қара қылды қақ жарган әділеттілігімен өзіне бағындыра білді».
ответ: азамат соғысынан кейінгі ақш-тағы идеялық-саяси күрес
«прогрессивтік дәуір». т.рузвельт
жұмысшы қозғалысы
экспансионизм. «үлкен шоқпар дипломатиясы» мен «доллар дипломатиясы».
хіх ғ. соңы мен хх ғ. басы американ ң қауырт ған кезеңі болды. көшіп келушілердің санының күннен күнге көбеюіне байланысты халық саны бұрын соңды болмаған қарқынмен өсіп отырды. 1871 ж. 1913 ж. дейін ол 39,8 млн-нан 96,5 млн-ға дейін көбейді.
хіх ғ. соңы мен хх ғ. басында ақш өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, кәсіпорындардығ техникалық жабдықталуы және еңбек өнімділігі жағынан дүние жүзінде бірінші орынға шықты. ол , германия және францияны қоса есептегендігінен көп шойын мен болат қытып, тас көмір өндірді.
азамат соғысынан кейінгі ақш-тағы идеялық-саяси күрес. хіх ғ. соңғы үштігінде ақш-та президенттік типтегі республика мен қоспартиялық жүйе түпкілікті орнады. солтүстіктердің жақтастары республикалық партияның жетекші тобын құраса, оңтүстіктердің жақтастары демократиялық партияда көпшілік болды. хіх ғ. соңында үкімет басында үздіксіз республикашылар тұрды. ақш-та кәсіпкерлер мен саудагерлердің бәсекесіне шектеу қойып, өзара келісулер арқылы тұтынушыларға монополиялық бағаларды таңушы трестер мен картельдерге қарсы күрес өріс алды. 1890 ж. конгресс сенатор шерман ұсынған «трестерге қарсы» заңды қабылдады. шерман заңы «кез келген бірлестіктер, келісім және монополия» тарапынан өндіріс пен саудаға шектеулер қоюға тыйым салады.
хіх ғ. соңында америка фермерлерінің арасында теміржол, өнеркәсіп және сауда монополияларына қарсы бағытталған көпшілік қозғалысы пайда болды. популистік партия (латынша популис – «халық» деген ұғымды білдіреді) құрылды. популистер талаптары монополияларға қарсы сипатта болды. олар теміржолдарды, телеграф пен телефонды, артық жерлерді мемлекет қарамағына алуды, байларға салықты арттыруды талап етті. құрамында 1 млн. мүшесі бар антиимпериалистік лига да белсенділік көрсетіп, экспансиялық саясатқа қарсы көптеген наразылық митингілерін ұйымдастырды. расизмге қарсы күресті 1909 ж. негізі қаланған, ақ нәсілділер мен қара нәсілділерді біріктіретін, қара нәсілді халықтың көмек көрсетуші ұлттық ассоциация жүргізді. оның белсенділері баспасөз беттерінде, соттар мен заң шығарушы органдарда ақ нәсілді емес халықтың құқықтарын қорғады.