Иқта (араб.: жерді пайдалану және оған иелік ету) – мұсылмандық құқықтағы тиісті салықтарды мемлекетке төлеу шартымен иен жатқан жерлерді пайдалануға беру тәртібі.
Араб халифатында әскери әрекеттер нәтижесінде қолға түскен жерлер сол шайқасқа қатысқан әскерлердің олжасы болып саналып, оларға белгілі тәртіп бойынша үлестірілетін. Бұл жағдай әскери күштерді әлсіретіп, мемлекеттік қаржы жүйесіне нұқсан тигізетін болған соң, халифа Омар ибн әл-Хаттаб (634 – 644) жаулап алған жерлерді бұрынғы иелерінде қалдырып, олардан алым-салық алуды бұйырған. Жиналған алым-салықтар әскерлердің барлық қажетіне тікелей жұмсалатын. Осы кезеңнен бастап ешқандай иесі жоқ жерлерді дәл иесі бар жерлердей алым-салық төлеу шартымен адамдардың қолдануына беру жүйесі пайда болды. Имам Әбу Жүсіптің (731 – 798) айтуына қарағанда, халифа Омар Ирак жерін бағындырған соң, Сасани әулетінің қарамағында болған және соғыстан кейін иесіз қалған жерлерді адамдарға үлестіріп берген. Иесі иқта жерді мұра етіп қалдыра алмайтын, үшінші тұлғаға иқта етіп бере алмайды. Алым-салықтың мөлшері жердің бағасына, құнарлылығына, суармалылығына, т.б. сәйкес белгіленетін. Иқта мақсаты әскердің жағдайын жақсарту, алынған жерлерді игеру, елді абаттандыру және мемлекеттік құрылымды күшейту болды. Кейінгі ғасырларда халифат құрамына арабтардан басқа халықтардың енуі және олардың, әсіресе, түріктердің әскер ішінде көбеюі нәтижесінде иқта жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшыраған. Аббас әулеті билігі тұсында әскердің басым көпшілігінде және саяси лауазымдарда түріктер үстемдікке ие болды. Иқта етілген жерлерді басқарған әскербасылар осы жерлердің салықтарын жинап қана қоймай, оларға иелік етеді. Селжұқтар Аббас әулеті мемлекетін өзіне бағындырғанға дейін тек халифалар ғана жерлерді иқта етуге құқықты саналатын. Ал, селжұқтар Бағдадты қаратып алған соң, Низам әл-Мүліктің (1018 – 92) тұсында халифа тек рухани саладағы әмірші ретінде қалғандықтан Иқта ету құқығына селжұқ билеушілері мен олар сенім артқан лауазымды адамдар ие болды.
Иқта етілген жерлер үлкен иқталар және шағын иқталар деп екіге бөлінген. Үлкен иқталар, көбінесе, Ирак және Иран жерінде кезігетін. Шағын иқталар жан саны тығыз орналасқан елдерде болатын. Қолда бар тарихи деректерге қарағанда иқта жүйесінің Қарахандар әулеті, Хорезм, Селжұқ, Илхан, Ғазна және Осман әулеті мемлекеттерінде жергілікті жағдайларға қарай түрлі тәсілдермен жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Осман империясында (1299 – 1922) 1839 жылғы Танзимат жарлығына дейін жүргізілген иқта жүйесі тимар деп аталған және әскердің негізгі бөлігін құрайтын сипаїилардың ұйымдастырылуында қолданылған.[1]
Иқта — б. з. 10 ғасырының ортасы мен 12 ғ. басында Жетісу аумағьгнда салтанат құрған Қарахандар мемлекетіндегі алым-салық жүйесі. Бұрын мемлекет қазынасына түсіп отырған төлем түрлерін хандар өздерінің туысқандары мен жақын адамдарының исленуінс рұқсат етті. Мұндай табыс көзін иеленушілерді "мұқта" немесе "иқтадар" деп атады. Орта ғасырлық деректемелерге қарағанда, жергілікті тұрғындардың Иқта салығын алудың тиянақталған тәртібі мен мөлшер-мөні болған.
Объяснение:
абсолютно дұрыс.
Объяснение:
Материалдың толық нұсқасы
«Мен елімнің патриотымын»
Өз Отанының патриоты болу - бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау.
Н.Ә.Назарбаев
Әр адам өз елінің патриоты болуға міндетті. Патриот - бұл өз елін сүйетін, елінің ұлтын, тілін, тарихын, ежелден келе жатқан ата-баба салт-дәстүрлерін, дінің, ділін құрметтеп, өз елі үшін қызмет ететін тұлға. Сондықтан, әрбір қазақпын деген азамат, өз елінің патриоты болуға тиіс. Патриотизм ең алдымен адамның отбасына деген сүйіспеншілігінен басталады. Қазақта «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтпаған ғой. Біздің еліміздегі әрбір азамат өзі өсіп-өніп, өмір сүріп,қызмет етіп жатқан өз еліне құрметпен қарауға тиісті.
Патриотизм деген ұғымды біз кішкентай кезімізден бері естіп, бойымызға сіңіріп келеміз. Әдетте, бұл үғымды ең алғаш рет балаларға өз ата-аналары түсіндіреді. Одан кейін, бала мектепте мұғалімдерінен білім мен тәлім-тәрбие алып, патриот сезімін одан әрі сезініп, нағыз патриоттың қандай болатының үйренеді. Міне, адам бойындағы патриотизм оның бала-күнінен бастау алады. Кішкентай кезінен отаның сүйіп өскен бала, болашақта да өз елі үшін қызмет етері анық. Сондықтан, әрбір а келешек ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуі керек деп ойлаймын. Алайда, қазіргі жасөспірімдер бұл сезімді сезіне алмайды. Өздерінің қазақ екенінен ұялып, бөтен тілдермен сөйлейді. Бұл қазақ тіліне деген құрметсіздік деп білемін. Әрбір қазақ қазақ тілінде жетік сөйлесе, қазақ тілі қазіргі таңда жақсы деңгейге жетер еді. Менің ойымша, бұл мүлдем дұрыс емес. Біз бұлай өз ұлтымыз бен тіліміздің жоғалуына жол бермеуіміз қажет. Сол себептен, қазақ тілінің елімізде күшейтілуі, дамуы керек деп ойлаймын. Әрбір адам қазақ елінің патриоты болуға тиісті.
Мен өз елімнің патриотымын. Осы бір өмірде қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Мен өз елімнің тілің, тарихы мен салт-дәстүрлерін сүйемін және құрметтеймін. Мен байырғы қазақ хандарын, батырларын мақтан тұтамын. Ата-бабамыздың арқасында тәуелсіз де бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға шүкіршілік етемін. Болашақта да өз еліме қызмет етемін.
Апа ата мен силерди жакшы көрөм.