Объяснение:
Докучаевтың есімін әлемге әйгілеген «Русский чернозем» атты монографиясы. Ол 1880-1896 жылдары Петербург университетінде минерология және кристаллография пәндерінен лекция оқыды. Ол 1871 жылы Петербург университетіндегі табиғаттану ғылымы бөлімінің физика-математика факультетін бітіріп, геология кабинетінде істеді, 1872 жылы Петербургтегі табиғат зерттеушілер қоғамының тұрақты мүшесі, 1873 жылы минерология қоғамының мүшесі, 1874 жылы жоғарыда аталған қоғамның геология және минерология бөлімшесінің секретары. Ол 1877 жылдан қара топырақты аймақтың топырағын зерттеуге кірісті. Ресейдің бірнеше губерниясының топырақ қыртысын зерттеуге экспедициялар ұйымдастырып, оған басшылық етті. Париждегі дүгие жүзілік көрмеде 1889 жылы орыс топырағының үлгісі мен Докучаевтың жарияланған еңбектері көрсетілді. Ресейде тұңғыш рет Ново-Александрийск институтында топырақ тану кафедрасын ашты.
Докучаев 1903 жылы 26 қазанда Петербург қаласында дүниеден озған. КСРО-да Докучаевтың теориялық және практикалық еңбектері жоғары бағаланды. Оның 100 жылдығына орай топырақтану саласындағы үздік ғылыми еңбектерге Алтын медаль және В.В.Докучаев атындағы сыйлық берілді.
Жаратқан елімізге бейбітшілік, әрбір шаңыраққа, әрбір азаматына аман-саулық бұйырта көрсінші деп тілеймін!
Иә, Құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын.
Бір жарылқап тастасын.
Жамандыққа жазбасын,
Жақсылыққа бастасын!
Құдай құлымын дегейсің,
Мұхамед үмметімін дегейсің.
Шадияр досым дегейсің,
Шайтанның сәрінен сақта,
Патшаның кәрінен сақта.
Намаздың қазасынан сақта,
Пайғамбардың туында қыл,
Ауызды кәусәр суында қыл.
Иман байлығын бер,
Деннің саулығын бер.
Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын.
Ықыласты батамды қабыл алсын!
А, Құдайым оңдасын,
Оңдағанның белгісі,
Қайырлы етіп басыңа.
Бақ-береке орнасын.
Дұшпаның үстем болмасын,
Маңың үбірлі-шүбірлі болсын.
Келген ырыс кетпесін,
Жамандық келіп жетпесін.
Сапар жүрсең, жолың болсын,
Қалтаң толған пұлың болсын.
Жарылқасын Қорғаушың,
Бейбіт халқымызға заман болсын,
Табиғат таусылмайтын ризық беріп,
Тартылған дастарханға тағам болсын.
Қауіптен ел-жұртымыз аман болып,
Көп қылып үйіңізге бала берсін,
Оларға таудай талап, сана берсін,
Ер жетіп, балаларың батыр болып,
Өмірлері қызықты бола берсін.
Үйіңе жақсы адамдар келе берсін,
Тауфиқты, инабатты келін берсін,
Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып,
Қызығын елі-жұрты көре берсін.
«Әумин» - деп үй иесі қол жайғанда,
Жақсылап қариялар бата берсін.
Әуелі Құдай жарылқасын,
Пайғамбардың берекетін берсін,
Ұлықманның жасын берсін.
Сүлейменнің тағын берсін.
Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін.
Атымтай Жомарттың даңқын берсін,
Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін,
Ұл берсе, оразды берсін,
Қыз берсе, қылықты берсін.
Шашы ұзын болсын,
Жүзі қызыл болсын.